Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.07.2017

Қызметтер

Қалалық білім беру бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына және Атырау қалалық білім беру бөлімінін басшысының 2017 жылғы 7 қантардағы бұйрығына сәйкес (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2016 жылдың екінші жартыжылдығымен 14 штаттық орында 9 мемлекеттік, 45 келісім шарт негізінде қызметшілер еңбек жасайды, 1 азаматтық қызметкер өз еркімен жұмыстан босап кадр ауысымы орын алған. 5 мемлекеттік қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды. Тәртіптік жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті-1;

2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - Бөліммен 2016 жылдың екінші жартыжылдығында 23 мемлекет қызмет түрінен барлығы 51410 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

Талдау нәтижесінде Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету заңбұзушылық жағдай анықталмаған.

4) Рұқсат беру функциясында – бұл бағытта заңбұзушылық фактілер анықталмады;

5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2016 жылдың екінші жартыжылдығында Бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша факт орын алған жоқ.

 

Сонымен бірге, Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызатын әрекеттер орын алуда. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы, 4-тармағы, 8-1-тармақшасына сәйкес, қалалық жергілікті атқарушы органы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі туындап отырған мәселе бұл балабақшаларға жолдама беру. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою – жергілікті атқарушы органның көрсететін мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №172 бұйрығының 2-бөлігі, 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымға жолдама кезекке сәйкес беріледі.

Сондықтан, қалалық прокуратурамен

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

1. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алып жұмысты жалғастыру

2. Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру кезінде кезектілікті қатаң сақтау жүктелсін

Қалалық білім бөлімінің бас маманы заңгер Н.Сабитов

КЕЛІСІЛДІ:
Қалалық білім бөлімінің басшысы С.Е.Аманшиева


Мақаланың шыққан күні:: 30.01.2017 11:48
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.01.2017 11:48