Array Қалалық білім беру бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша анықтама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.04.2017

Қызметтер

Қалалық білім беру бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына және Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №28 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешіміне сай және осы шешім негізінде құрылған жұмысшы тобымен қалалық білім беру бөліміндегі (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен 14 штаттық орында 13 мемлекеттік, 32 келісім шарт негізінде қызметшілер еңбек жасайды, 1 бос орын бар. 1 қызметкер өз еркімен жұмыстан босап кадр ауысымы орын алған. Тәртіптік жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алмаған;

2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - Бөліммен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 23 мемлекет қызмет түрінен барлығы 32054 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

Талдау нәтижесінде Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету кәмелетке толмағандарды демалыспен қамтылуын ұйымдастыру кезінде 194 заңбұзушылық жағдай анықталған. Олар нормативтік құқықтық актілермен көзделген құжаттардың болмауы анықталды (туу туралы куәлік, жетімдігін дәлелдейтін құжат, медициналық анықтамалары және т.б.) яғни бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін тудырады;

4) Рұқсат беру функциясында – бұл бағытта заңбұзушылық фактілер анықталмады;

5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша 4 факті орын алған. Бұдан басқа, бөлімде электрондық «ЕСЭДО» жүйесі бойынша бақылау жоқ, яғни қызметкерлер бұл жүйемен жұмыс жасамай отыр.

Сонымен бірге, Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызатын әрекеттер орын алуда. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы, 4-тармағы, 8-1-тармақшасына сәйкес, қалалық

жергілікті атқарушы органы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi.

Бөлім қызметкерлерінің өз қызметтеріне тиісті деңгейде қарамау салдарынан, Атырау қаласы әкімдігінің «2016 жылғы арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысы тек 2016 жылдың 23 маусымында қабылданған болатын.

Яғни, 2016 жылдың маусым айына дейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекітпей, яғни, қызметтерін негізсіз жүзеге асырған.

Осыған орай, Бөлім 2017 жылға арналған қаулы жобасы ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін толықтай жасақталып, қала әкіміне ұсынылуын қамтамасыз ету қажет.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі туындап отырған мәселе бұл балабақшаларға жолдама беру. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою – жергілікті атқарушы органның көрсететін мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №172 бұйрығының 2-бөлігі, 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.

Яғни, мектепке дейінгі ұйымға жолдама кезекке сәйкес беріледі.

Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша Департаменті ағымдағы жылдың тамыз айында Атырау қаласы №32 «Мөлдір» бөбек-жай бала-бақшасының басшысы Р.Кабдешова бала бақшаға орналастыру мәселесімен жүгінген азаматша С.Саникиевадан оның қызы А.Таубайды кезексіз бала-бақшаға орналастыру үшін 70 000 теңге ақша қаражатын алып, Бөлімнің бас маманына бергендігін анықтап, істі сот органдарына жолдаған.

Осыған орай, Бөлім басшысы тарапынан мектепке дейінгі ұйымдарға берілетін жолдамалардың кезегіне қатаң бақылау жасау өз деңгейінде еместігін көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

1. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алып жұмысты жалғастыру (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру фактілерін жою бойынша түбегейлі шара қолдану ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын

қатаң сақтау және дереу электрондық құжат айналымға көшу (МЕРЗІМІ 2016 жылдың 1 қазаны);

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы, 4-тармағы, 8-1 тармақшасына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігінің «2017 жылғы арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысы жобасын қала әкімдігінің қарауына заң талаптарына сәйкес ұсынсын (МЕРЗІМІ 2016 жылдың 1 қарашасы).

4. Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру кезінде кезектілікті қатаң сақтау жүктелсін (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ).

Топ мүшелері:

Нсанбаев Серік Бағытжанұлы

Жалмұханова Рабиға Тайжанқызы

Ермекова Клара Сиражқызы

Әділғалиев Арман Бағытжанұлы

Мұқанбетқалиева Айгүл Құбашқызы

 

КЕЛІСІЛДІ:

Қарабаев Бақберген Касымұлы

 

Қалалық білім беру
бөлімінің басшысы
Б. Қарабаевқа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына және Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №28 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешіміне сай және осы шешім негізінде құрылған жұмысшы тобымен қалалық сәулет және қалақұрылысы бөліміндегі (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Соған орай, қарауыңызға және кемшіліктерді жою шараларын қолдану үшін жасақталған талдамалық анықтаманы қосымшаға сәйкес ұсынады

Қосымша: парақта.

П. Хасанов


Мақаланың шыққан күні:: 21.12.2016 18:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.12.2016 18:04