Array Қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша анықтама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.05.2017

Қызметтер

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің 2016 жылдың 19 қазандағы №12,13 бұйрықтарына және бөлім басшысының 2017 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығына сәйкес қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2016 жылдың екінші жартыжылдығында бөлімде штат саны-3, бос орындар болған жоқ, кадрлардың ауысулары орын алған жоқ. Сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алмаған;

2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - Бөліммен 2016 жылдың екінші жартыжылдығында 1 мемлекет қызмет түрінен барлығы 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Заңмен белгіленген мерзімдердің бұзылу фактілері орын алмаған.

4) Рұқсат беру функциясында заңсыз шешімдер орын алмаған.

5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2016 жылдың екінші жартыжылдығында бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Бөлім тікелей басшылыққа алып жұмыс жасайтын ҚР Заңдарымен нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін тудыратын мәселелер анықталды. Атап айтқанда:

* Атырау облысы әкімінің 2015 жыл 3 шілдедегі № 199 Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы қаулысының 4 бөлім, 8 тармақ, 1 тармақшасында Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды, құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, 20 (жиырма) минут ішінде оларды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

ХҚКО қажетті құжаттарды бекітілген стандартқа сәйкес қабылдамауы бөлім тікелей басшылыққа алып жұмыс жасайтын ҚР Заңдарымен нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін тудырады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

Атырау облысы әкімінің 2015 жыл 3 шілдедегі № 199 Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы қаулысының 1 бөлімінде (Жалпы ережелер) 3 тармақшасында Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде делінген, алайда тапсырылатын құжаттар интернет порталы (веб-сайт) арқылы тапсырылған дұрыс деп есептейді. Электронды тапсырылған құжаттар топтамасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін туғызуға жол берілмейді.


Мақаланың шыққан күні:: 30.01.2017 11:35
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.01.2017 11:35