Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша анықтама:

1.Ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында округ әкімінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №58-ө өкімімен жұмыс тобы бекітіліп, кестеге сәйкес 22-23 желтоқсан күндері 2016 жылдың ІІ жарты жылы бойынша округ әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

а) Жер телімін беру бойынша заңдылықтардың сақталуы;

ә) Арыз-шағымдардың орындалу мерзімінің сақталуы;

б) Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бойынша заңдылықтардың сақталуы.

3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімі аппараты жанынан құрылған жұмыс тобы жүргізді. Құрамы:

Есенғалиева Ү. – жұмыс тобының төрайымы, округ әкімінің орынбасары.

Таңжарикова М. –жұмыс тобының мүшесі, ауылдық округ әкімі

аппаратының бас маманы.

Әбілова К. – жұмыс тобының мүшесі, ауылдық округ әкімі

аппаратының бас маманы.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі 2016 жылғы 22,23 желтоқсан күндері.

5. Округ әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы бас маман М.Таңжариковаға жүктелген.

6. Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы:

- 2016 жылдың 1 шілде -23 желтоқсаны аралығында округ әкімімен 167 нормативтік-құқықтық актілер (136 шешім, 31 өкім) қабылданған. Округ әкімімен қабылданған нормативтік-құқықтық актілер тоқсан сайын Атырау облыстық Әділет департаменті тарапынан тексеріліп отырады. Нормативтік-құқықтық актілер қабылдауда заң бұзушылық фактілері болған жоқ.

10.1.Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, кадрлардың ауысуын талдау бойынша;

-Округ әкімі аппаратында бекітілген штат кестесі бойынша 7 мемлекеттік қызметші еңбек етеді.(Әкім, орынбасар, 5 бас маман). 2016 жыл бойынша кадрлардың ауысуы болған жоқ.

-Мүдделер қақтығысы орын алмаған.

-Округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша,ішкі талдау жүргізу кезеңінде 10 арыз түсіп, мерзімінде арыз иелеріне анықтамалар берілген. Көрсетілген қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы әкімдік ғимаратының ақпарат тақталарында мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттері туралы толық ақпарат ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға бас маман А.Құрманова.

-Рұқсат беру функциялары округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің құзырына жатпайды;

-17 тамыз 2016 жылғы «Атырау» газетінің № 65 санына ауылдық округ әкімі аппаратының «Сенім телефоны» туралы хабарлама жарияланды.

-Ауылдық округ әкімі аппаратына ішкі талдау жүргізу кезеңінде (2016 жылдың 1 шілде-23 желтоқсан аралығында) жеке тұлғалардан 205, заңды тұлғалардан 15 арыз түсіп, арыздар мен өтініштер уақтылы қаралып, жауабы 3 күннен кешіктірілмей арыз иесіне жазбаша түрде хабарланған. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде шешімін таппаған, қаралмаған немесе мерзімі өткен фактілер болған жоқ.Арыз-шағымдармен жұмыс жөнінде жауапты тұлға бас маман М.Таңжарикова.

- Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша жер телімі кезегінде 1460 азамат тіркеуде, округ әкімі аппаратының жер телімі кезегі 2008 жылдан басталады.Оған дейінгі арыздар шешімін тапқан. Жер телімін сұраған арыздар Атырау қалалық халыққа қызмет көрсету филиалдары арқылы қабылданып, округ әкімі аппаратына жолданады.Келген арыздар сол күні кезектілікке тіркеліп, жауабы кері халыққа қызмет көрсету бөліміне тапсырылады. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде жер теліміне кезектілік бойынша арыздарды тіркеу нәтижесінде қаралмаған немесе мерзімі өткен фактілер болған жоқ.

Жұмыс тобының төрайымы,округ әкімінің орынбасары- Ү.Есенғалиева

Жұмыс тобының мүшелері;
округ әкімі аппаратының бас маманы- М.Таңжарикова
округ әкімі аппаратының бас маманы- К.Әбілова


Мақаланың шыққан күні:: 30.01.2017 11:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.01.2017 11:38