Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анықтама

Аудан әкімі аппараты басшысының 19.08.2019 жылғы №136 «ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» бұйрығымен бекітілген. Жоспарға сәйкес аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі КММ сы /бұдан әрі-мекеме/ мекемеге 2020 жылдың 15 қаңтарында 2019 жылдың қазан-желтоқсан айларына тоқсандық ішкі талдау жүргізілді.

Мекеме Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Мекеменің аудан бойынша 7 бөлімшесі бар. Онда спорттың 10 түрінен балалар ақысыз негізде спортпен шұғылданады.

Мектепке 2019 жылғы оқу жылында барлығы 1649 бала қабылданды.

Онда 41 жаттықтырушы сабақ береді. Жыл аяғына дейін 12 жасөспірім спорт шеберлігіне үміткер атағын алды.

Мекемеде жаттықтырушылардан өзге 53 қызметкер жұмыс жасайды. 2019 жылдың соңғы тоқсанына ішкі талдау кезінде мекеме қызметінде нормативтік құқықтық актілер орындалысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал жасайтын әрекеттер анықталған жоқ, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Қазан, қараша, желтоқсан айларында негізсіз жұмыстан шығарылған жұмысшы жоқ.

Бақылау іс-шарасы кезінде 2019 жылдың соңғы тоқсанында мекеме қызметкерлерінен арыз-шағымдар түскен жоқ.

 

Таныстым:

Мектеп директоры Б.Меңдіғалиев

Бақылау іс-шарасын жүргізген

директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары Т.Әжіғалиев

Бақылау іс-шарасын жүргізген

мекеме іс-қағаз жүргізушісі Г.Орынбасарова


Мақаланың шыққан күні: 21.01.2020 15:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2020 15:39

Қаралым саны: 101