Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына және Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №28 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешіміне сай және осы шешім негізінде құрылған жұмысшы тобымен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміндегі (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен 35 штаттық орында 32 мемлекеттік, 15 келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметшілер еңбек жасайды, 3 бос орын бар. Тәртіптік жауапкершілікке 5 қызметкер тартылған, сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алмаған;

2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - Бөліммен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 мемлекет қызмет түрінен барлығы 1963 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. 1- кешіктіру фактіcі анықталды;

4) Рұқсат беру функциясында – заңбұзушылықтар анықталмады;

5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша 19 факті орын алған.

Бөлімнің жұмысына бұқаралық ақпарат құралдарында 34 жағымсыз ақпарат таратылды. Мақалалар жол төсеу және шұңқырларды жөңдеу, жарық жүргізу, қоғамдық автокөлік қозғалысы, ескі үйлер мен жатаханаларды көшіру, жылу, лифті, ПИК-ң жұмысы қала тазалығына қатысты болып отыр (бөлім тарапынан бұл ақпаратты жоққа шығару бойынша шаралар алынбаған) бұның өзі сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдігіне жағдай туғызатын көзқарас қалыптасып отыр, яғни бақылау функциясын әлсірегендігін көрсетеді.

Сонымен бірге, Бөлім тікелей басшылыққа алып жұмыс жасайтын ҚР Заңдарымен нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін тудыратын мәселелер анықталды. Атап айтқанда:

ҚР «Тұрғын үй қатынастары қатынастары туралы» (әрмен қарай– Заң) Заңының 71 бабының 5 тармағында жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді, делінген. Сонымен қоса, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ҚР азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының 12 тармағында: «Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған адамдардың тізімін өзекті ету үшін жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді. Осы мақсатта өтініш берушілер жыл сайын 1 сәуірден бастап 1 желтоқсанға дейін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Түгендеу мерзімі – ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап үш ай.

Бірақ, егер кезекке тіркелген әрбір азамат құжатты жыл сайын тапсырмаған жағдайда, кезектен шығарылады деген ұғым көрсетілмеген. Себебі, Атырау қаласы бойынша кезектерге тіркелген азаматтар саны бүгінгі күні 17 мыңнан асып түссе, жергілікті БАҚ беттерінде, әкімдік сайтында түгендеу жүргізілетіндігі жөнінде хабарландыру берілсе де, жыл басынан 3 мыңдай азамат құжат жаңартып отыр. Тоқсанына бір рет комиссия отырысына шығарылып, кезектен шығару, категория өзгерту және т.с.с. жүргізілуде. Егер, азаматтар құжаттарын өздері тапсырмаған жағдайда, барлық кезекте тұрған отбасыларының пәтерге мұқтаждығын Әділет Департаменті арқылы тексеру мүмкін емес. Әділет Департаменті ондай мәліметтерді тек қана құқық қорғау органдарының сұранысымен береміз деген уәж айтуда.

Заңның 95 бабына сай жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесi жалға алушының және отбасының кәмелетке толған басқа мүшелерiнiң келiсiмiмен бұрын жасалған жалға алу шарты бойынша алғашқы жалға алушының орнына оны жалға алушы деп тануды талап ете алады. Жалға алушы қайтыс болған жағдайда қайтыс болған (адамның отбасының кәмелетке толған кез келген мүшесiне нақ осындай құқық берiледi. Бүгінгі күні осы норманы қолданып жалға алушылар өздері тұрып жатырған үйді тегін жекешелендіру мақсатында жанұя мүшесінде тегін жекешелендіру құқығы бар тұлғаға үйді аудару жөнінде өтініштер көбеюде, Заңмен тыйым салынбағандықтан, пәтерді тегін алу құқығын пайдалану тәжірибесі бар. Осыған байланысты, Заңға өзгеріс енгізіп жалға алушының

пәтерін жанұя мүшесінің атына аудару құқығына тыйым салу туралы (қайтыс болған жағдайларды қоспағанда) ұсыныс енгізу қажет.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

1. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алып мерзімдерін бұзу фактілеріне жол бермеу шараларын алу (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру фактілерін жою бойынша түбегейлі шара қолдану ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтау (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

3. Бөлімнің жұмысына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз ақпараттарды үнемі бақылауда ұстап жоққа шығаратын немесе негізделген түрде жауап беру шараларын қолға алу (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

4. Тиісті мемлекеттік уәкілетті органдарға ҚР «Тұрғын үй қатынастары қатынастары туралы» (әрмен қарай– Заң) Заңына «өтініш берушілер жыл сайын 1 сәуірден бастап 1 желтоқсанға дейін аралықта тиісті құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға ҚР Үкіметінің 26.12.2012 жылғы № 856 қаулысымен бекітілген Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы оларды кезектен түсіруге негіз болады» деген тармақ енгізіуге;

Сондай-ақ, Заңның 95 бабына «жалға алушының пәтерін жанұя мүшесінің атына аудару құқығына тыйым салу туралы (қайтыс болған жағдайларды қоспағанда)» ұсыныс енгізу.

Топ мүшелері:

Нсанбаев Серік Бағытжанұлы

Жалмұханова Рабиға Тайжанқызы

Ермекова Клара Сиражқызы

Әділғалиев Арман Бағытжанұлы

Мұқанбетқалиева Айгүл Құбашқызы

 

КЕЛІСІЛДІ:

Қазиев Серік Қажымұратұлы

 

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы жолаушылар көлігі
және автокөлік жолдары
бөлімінің басшысы
C.Қазиевке

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына және Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №28 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешіміне сай және осы шешім негізінде құрылған жұмысшы тобымен қалалық сәулет және қалақұрылысы бөліміндегі (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Соған орай, қарауыңызға және кемшіліктерді жою шараларын қолдану үшін жасақталған талдамалық анықтаманы қосымшаға сәйкес ұсынады

Қосымша: парақта.

П. Хасанов


Мақаланың шыққан күні:: 21.12.2016 17:52
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.12.2016 17:52