Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

«БЕКІТЕМІН»

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар

бақшасының меңгерушісі________Ғ.Аққалиқызы

« __ » _________ 2019 жыл

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бала бақшада 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №54 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бала бақшаның қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бала бақшаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бала бақшаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасы Миялы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №5 шешімімен бекітілген 2016 жылғы 12 сәуірдегі 92-1915-06-МКҚК Жарғы негізінде жұмыс атқарады.

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасында штат саны – 29,75 бірлікті құрайды. Атап айтқанда, меңгеруші – 1, әдіскер – 0,5, психолог – 0,5, тәрбиешілер – 7,75, саз жетекшісі – 0,5, медбибі – 0,5, хореограф – 0,25, тіл маманы – 0,25, техникалық қызметкерлер саны 18,5 бірлік.

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде жұмыскерлердің ауысуы орын алды. 2019 жылғы 1 сәуірдегі№18 бұйрықпен уақытша психолог қызметіне Ж.Оразаева, 2019 жылғы 2 қыркүйектегі №79 бұйрықпен тәрбиеші қызметіне Ү.Сүйеуова, 2019 жылғы 11 қарашадағы №115 бұйрықпен есепші қызметіне А.Қарақойшина жұмысқа алынса, 2019 жылғы 29 тамыздағы №78 зейнеткерлікке шығуына байланысты тәрбиеші С.Махуова, 2019 жылғы 8 қарашадағы №114 бұйрықпен басқа мекемеге жұмысқа шығуына байланысты есепші Н.Маратова жұмыстан босатылды. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ. Бала бақшаға жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізіледі.

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасының міндеттеріне:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға

арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

3) Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау, толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау.

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасы өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңы;

- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған 1989 жылы 20 қарашадағы «Бала құқығы туралы Конвенция»;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығы.

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасының ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасында 2019 жылы мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес қызметкерлер жауапкершілікке тартылған жоқ .

МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасына 2019 жыл бойынша жеке тұлғалардан 21 өтініш келіп түсті. Барлық арыздар да оң шешімін тапты.

 

Әдіскер__________ Б.Қ.Ермұханова

«____» _______________ 2019 жыл

 

 Тәрбиеші__________ А.Р.Бисенова

«____» _______________ 2019 жыл

 

 

Кәсіподақ ұйымының төрайымы__________ А.И.Курмашова

«____» _______________ 2019 жыл


Мақаланың шыққан күні: 05.02.2020 12:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2020 12:06

Қаралым саны: 69