Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізілді:

Бөлімде персоналды басқару қызметі бойынша атап айтқанда 2019 жылдың 12 айы бойынша мүдделер қақтығысы, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, лауазымнан төмендетілуі сияқты фактілер болған жоқ.

Аудандық бөлім қызметін Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы №54 «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жұмыс атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 6 бірлікті құрайды. Атап айтқанда бөлім басшысы -1, сектор меңгерушісі -1 бас мамандар – 4 адам,

«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі кадрлар ауысуы орын алды.

Бөлімде 2019 жылдың 13 желтоқсан бөлім басшысының №145 бұйрығымен Г.Байдешева 16.03.2020 жылға дейін негізгі қызметкер (бала күтімінде) А.Ғазезованың орнына сектор меңгерушісі болды.

«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталды.

Бөлімнің сектор меңгерушісі А.Ғазезова 2019 жылдың 31 желтоқсандағы №72 санды арызы, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Жанқуатовқа бөлім басшысы Б.Салыковтың үстінен бөлімде берілген екі айлық сыйлықақының, бір айлығы не себепті төленбегендігі жөнінде шағым түсірді.

Бөлімнің бас маманы Б.Рысқұлова 2019 жылдың 19 желтоқсандағы №105 аудан әкімінің орынбасары М.Абуовтың қабылдауында болып, бөлім басшысы Б.Салыковқа жазған 2019 жылдың 04 желтоқсандағы жұмыстан босату жөніндегі өтінішін қараусыз қалдыруды сұраған, алайда бөлім басшысы Б.Салыков бас маман Б.Рысқұлованың өтінішін қабылдамағандығы туралы шағым түсірді.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

2019 жылдың 12 айындағы жағдай бойынша бөлімде жалпы саны – 9453 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның 6590- мемлекеттік орган арқылы, 2479-і “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы, 256-ы электронды үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілген.

Көрсетілген мемелкеттік қызметтердің қызмет уақытынан кешіктіріліп орындалғаны болған жоқ.

Бөлімге жеке тұлғалардан 2019 жылдың 12 айы бойынша 23 өтініш келіп түсіп, олардың 7-не түсіндіріліп, 16-нің өтініші қанағаттандырылды. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-12-29 сенім телефоны орнатылған.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталып ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған медиа жоспарға сәйкес мақалалар аудандық «Қызылқоға» газетіне жариялануда.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 21.01.2020 17:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2020 17:53

Қаралым саны: 87