Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.07.2020

Қызметтер

Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша 2018 жылдың ІІ жарты жылдығына жүргізілген ішкі талдау туралы анықтама

1. Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың объектісі– «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Ішкі талдау жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары басшылыққа алынып, Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2018 жылғы 22 маусымдағы №58 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3. Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді. Жұмыс тобының құрамы 2 адамнан тұрады:

Сәрсенова Жарқынгүл Қазбекқызы- бөлімнің бас маманы;

Маратова Гулжихан Маратқызы- бөлімнің бас маманы.

4. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, НҚА, басқа да құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылды. Талдау нәтижелері бойынша мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны- 3, (хатшы-1, аудармашы-1, көлік жүргізуші-1 және есепші-1) барлығы 7 қызметкер жұмыс істейді.

2018 жылдың қазан айынан бастап негізгі қызметкер Маратова Гүлжихан Маратқызы бала күтімінен қызметіне жұмысқа шықты.

2018 жылдың қазан айынан бастап бөлімдегі әдіскер Кәрім Шырақбек Артурұлы өз арызына сай басқа жұмысқа ауысып, бөлімдегі әдіскер штаты қысқартылды.

2018 жылдың есепті мерзімінде бөлім бойынша 37 бұйрық шықты. Мүдделер қақтығысы жоқ. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар және олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына тұрақты есеп тапсырылады. Сонымен бірге, бөлімде 2-18-85 «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Мекеме ғимаратында (1424) сенім телефоны жазылған жарнама парақшалары көрнекі жерге ілінген.

Бөлімге 2018 жылдың 6 айы ішінде 132 кіріс хаттары түсіп, 88 шығыс хаттары тіркелген. Барлық хаттарға мерзімінде жауаптар беріліп отырылады. Жеке тұлғалардан өтініш түспеген. Бөлімде арыз-шағым жәшігі көрнекі жерге ілінген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарының қатаң сақталуы үнемі бақыланып, бұл тұрғыда қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда, өзін талапқа сай ұстау, әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілерге жарияламау сияқты мемлекеттік қызметші имиджіне кері әсерін тигізетін әрекеттерден сақтандыру бағытында түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырылады.

Бюджет қаржысын игеру:

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар жасақталып, электрондық веб-порталда жарияланады. Барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жоспарға сай жүзеге асырылады.

Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 24 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

Есепті мерзімде жергілікті баспа «Қызылқоға» газетіне, аудан әкімдігінің веб-сайтына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бірнеше мақала жарияланды.

Қорытынды:

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-на кеңінен ақпараттық насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

3) Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

Ж.Сәрсенова

Г.Маратова


Мақаланың шыққан күні: 10.01.2019 09:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 09:38

Қаралым саны: 798