Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анықтама

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес «Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше атауы: «Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36, тел: 8/71239/3-04-07

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыттары:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген Мақат кенті әкімі аппаратының бас маман заңгері – А.Аманғалиқызы.

4) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылдың II жарты жылдығы.

5) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Б.А.Сәрсен – Мақат кенті әкімі.

1) Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

Мақат кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай - Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №4 қаулысымен бекітілген «Мақат кенті әкімінің аппраты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Аппарат қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2)Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

2.1.персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

Мақат кенті әкімі аппаратының штат бірлігі – 12 мемлекеттік қызметшілерден, 11- азаматтық қызметшілерді құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа орналасуы конкурстық тәртіппен аудандық персоналды басқару және кадр қызметі бөлімі арқылы іске асады.

2.2)мүдделер қақтығысын реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111- баптарының талаптарыны бойынша құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

2.3)мемлекеттік қызмет көрсету:

2019 жылдың 2 жарты жылдығында: жеке тұлғалардан – 70 өтініш, заңды тұлғалардан – 3 өтініш түскен.

- жеке меншік тұрғын үй құрылысн салу үшін -9,

- жеке кәсіпкерлік үшін (дүкен, автокөліктерге техникалық қызмет орнын ашу) -2,

- қосымша жер учаскесін бөлуді сұраған – 19,

- жер учаскесін игеріп, меншік құқығын беру – 1,

- нысаналы мақсатын өзгерту – 8,

- қосалқы шаруашылық жүргізу үшін – 1; біржолғы қаржылай көмек – 7,

- тазалыққа қатысты және көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесін тазарту туралы - 5 және қалғандары әр түрлі бағыттағы өтініштер.

Қаралған барлығы 70 өтініштің 35-і толықтай қанағаттандырылды. Қалған 35 өтінішке заң талабына сәйкес тиісті жауаптар берілді.

2019 жылдың 2 жарты жылдығы бойынша кент әкімімен қабылданған азаматтардың саны - 75, ал олардың ішінде 20 азаматтың мәселесі оң шешімін тапты. Қалған 55 азаматқа заң шеңберінде түсінік берілді. 2019 жылдың 2 жарты жылдығы бойынша барлығы – 110 шешім, 135 өкім қабылданған.

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 390 адам кезекте тұр.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Сонымен қатар «Мақат кенті әкімі аппараты» ММ бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған ағымдағы жылдың жұмыстары туралы тоқталып кетейік. Аппаратта сенім телефоны ретінде 3-04-07 нөмірі бекітілген. Жалпы тоқсан сайын сенім телефондары, БАҚ-на жарияланып тұр. III тоқсан бойынша 16 тамыз 2019 жылы, IV тоқсан

бойынша 25 қазан 2019 жылы жарияланды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау үшін арнайы 200 дана кітапшалар шығарылып, халық арасында және бизнес субъектілеріне таратылды (бұл жөнінде фейзбук интернет желісінде жарияланды), сыйбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау мақсатында 2019 жылдың 7 ақпанында «Арың да, жаның да таза болсын!» тақырыбында және 2019 жылдың 25 қазанында «Аяқ бассаң, ақша сұрайды» тақырыбында интернет ресурсына және «Мақат тынысы» газетіне мақала жарияланды. Тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған. Сыбайлас жемқорлыққа бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Мақат кенті, Е.Аманбердиев көшесі бойында «Не проходи мимо, Разорви цепь коррупции», С.Мұқашев көшесі бойында «Параға емес, биікке ұмтыл», Қ.Сәтбаев көшесі бойында «Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлықты жасырмады», С.Мұқашев көшесі бойында «Адалдық алаңы» тақырыбында орналастырылған.

5) рұқсат беру функцияларын іске асыру :

2019 жылдың 2 жарты жылдығы бойынша Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен 108 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. Мақат кенті бойынша - 28 адам әскер қатарына аттанды. Мақат кенті бойынша шақыру учаскесіне мүлдем келмеген азаматтармен және олардың ата-аналарымен заңды тұрғыда түсінік жұмыстары ішкі істер органдарымен бірігіп жүргізілді.

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

Бұдан басқа, «Мақат кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау бағытында аудан әкімінен келіп түскен тапсырмалар орындалып жатыр. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер, орын алып жатқан құқық бұзушылықтар, оның себептері мен жою амалдары қамтылып, алдын ала болдырмау, себептерін жою бойынша мекемедегі қызметкерлермен тиісті жиналыстар өткізіліп, хаттамалармен жасақталған.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:36

Қаралым саны: 142