Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезеңі: 2019 жылдың 6 маусымы мен 30 желтоқсан аралығы.

Ішкі талдауға жататын бөлімдер:

1. Заң және кадр қызметі бөлімі;

2. Қаржыландыру және жоспарлау бөлімі;

3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі;

4. Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімі;

5. Отын-энергетика кешені бөлімі.

Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың таза ауысуы - ағымдағы жылдың IІ жарты жылдық қорытындысы бойынша кадрлардың таза ауысуы бойынша: қаржыландыру және жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Нигметова Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының  1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Б.Кубашева денсаулығына байланысты, заң және кадр қызметі бөлімінің бас маманы А.Жетписбаева, қаржыландыру және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ә.Серікққалиқызы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының  1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес өз өтініштері бойынша жұмыстан босатылды, инженерлік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Р.Мерекеев, қаржылдандыру және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ж.Далиева негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты атқаратын лауазымдарынан босатылды.

2) мүдделер қақтығысы – 2019 жылғы 30 желтоқсан жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – Басқармамен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;

6)бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

-   облыс әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы №104 «Атырау облысының аумағында 2019-2020 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде нысандардың жұмысқа дайындығы туралы» қаулысы;

- Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы №352-VI «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы шешімі.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Терминдерді біріздендіру, заңды жетілдіру, құқық қолдану практикасының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар жоқ.

2) Басқармаға қатысты жүргізген тексеру нәтижелері – 2019 жылдың 30 желтоқсан жағдайы бойынша: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит депатаментімен 01.01.2018ж. – 30.09.2019ж. аралығындағында қамтылған кезеңіне тексеріс жүргізілді. Ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидалау туралы»» бұйрығының талаптары сақталмаған деген тұжырымдама берілді. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға шара қолданылды.

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар -әр жартыжылдық сайын жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне басқарма басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі, сенім телефон нөмірлері жарияланып тұрады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

4) Басқармаға сыбайлас жемқорлыққа қатысты жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ;

5) прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ;

6) Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Тәртіптік немесе әкімшілік сипаттағы бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық этикасын жетілдіру мақсатында жұмыстарды жалғастыру ұсынылады.

 

Комиссия төрағасы: ____________     С.Канапин

 

Комиссия мүшелері: _____________   Д.Мукишев

 

Комиссия мүшелері:_____________   Г.Умиргалиева

 

Комиссия мүшелері: _____________   Г.Арстанова

 

Комиссия хатшысы:_____________     З.Есенгереева


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 15:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 15:52

Қаралым саны: 115