Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Ішкі талдауға жататын бөлімдер:

1. Заң және кадр қызметі бөлімі;

2. Қаржыландыру және жоспарлау бөлімі;

3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі;

4. Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімі;

5. Отын-энергетика кешені бөлімі.

Аталған жұмыс тобы төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың таза ауысуы - ағымдағы жылдың I жарты жылдық қорытындысы бойынша кадрлардың таза ауысуы бойынша: қаржыландыру және жоспарлау бөлімінің бас маманы А.Дайдуов Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес өз еркімен жұмыстан босатылды, басқарма басшысының орынбасары А.Кенжебеков Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес басқа мемлекеттік лауазымға орналасуларына байланысты атқаратын лауазымдарынан босатылды.

2) мүдделер қақтығысы – 2019 жылғы 25 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) басқарма бойынша Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы №133 «Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру», 2019 жылғы 25 маусымдағы №132 «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітіліп, аудандардың және облыс маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

7) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

- облыс әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы №133 «Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы;

- облыс әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы №132 «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» қаулысы;

- облыс әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы №104 «Атырау облысының аумағында 2019-2020 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде нысандардың жұмысқа дайындығы туралы» қаулысы.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Терминдерді біріздендіру, заңды жетілдіру, құқық қолдану практикасының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар жоқ.

8) Басқармаға қатысты жүргізген тексеру нәтижелері – 2019 жылдың 25 маусым жағдайы бойынша: 1.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит депатаментімен 01.01.2017ж. – 31.12.2018ж. аралығындағында қамтылған кезеңіне тексеріс жүргізілді. Ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығымен бекітілген Ереженің талаптары сақталмаған деген тұжырымдама берілді. Анықталған кемшіліктер бойынша Басқарма қызметкерлері арасында жиналыс өткізіліп, анықталған кемшіліктер ішінара жойылды; 2. Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен жүргізілген тексеру кезінде де анықталған кемшіліктер жойылды.

9) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - әр жартыжылдық сайын жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне басқарма басшысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тұрғындарды қабылдау кестесі, сенім телефон нөмірлері жарияланып тұрады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

10) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері уақытылы қаралып, жауап берілуде;

11) прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ;

12) Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

 

Комиссия төрағасы: ____________ С.Канапин

 

Комиссия мүшелері: _____________ Д.Мукишев

 

Комиссия мүшелері: _____________ Ж.Нигметова

 

Комиссия мүшелері: _____________ Г.Арстанова

 

Комиссия хатшысы: _____________ А.Жетписбаева


Мақаланың шыққан күні: 04.09.2019 09:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.09.2019 09:41

Қаралым саны: 762