Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 2018 жылғы 18 маусымындағы жағдай бойынша кадр ауысушылығы болған жоқ;

2) мүдделер қақтығысы - 2018 жылғы 18 маусымындағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) басқарма бойынша 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

- «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштер түскен жоқ;

- «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2018 жылдың I-жартыжылдығында мемлекеттік органнан тікелей қағаз түрінде 1584 сұранысқа, Мемлекеттік корпорация арқылы 2342 сұранысқа, Портал арқылы 705 сұранысқа жауап берілді. Барлығы 4631.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы №35 бұйрығын орындау мақсатында басқармаға қарасты облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік архив мекемелерінің «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бақылауға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, I-жартыжылдықта Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Индер және Махамбет аудандық мемлекеттік архив мекемелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметіне бақылау жүргізілді.

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштер түкен жоқ.

5) бақылау функцияларын іске асыру - басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

- Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №116 қаулысымен бекітілген Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы туралы Ереже;

- Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №198 қаулысымен бекітілген «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысы Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 тамызда №3275 болып тіркелген;

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы11 қаңтардағы №14 «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №138 бұйрығына өзгерістер енгізу және Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі №92 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №213 «Архивтік анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысы бекітіліп, Атырау облысы Әділет департаментіндегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізіліміне 2018 жылғы 14 мамырда 4149 болып тіркелді.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар-басқарма бойынша облыс әкімдігінің «Облыстық басқармалардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды қабылдау өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, басқарма басшылығының азаматтарды қабылдау өткізу жөніндегі және басқарманың сенім телефоны туралы хабарландырулар облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне жарияланды. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері уақытында қаралып, жауап беріледі.

Басқармаға облыс әкімдігі арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орын алмады. Сонымен қатар, басқарма ғимаратында жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан.

прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

сот актілері - басқарма бойынша сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды: Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес, басқармада сыбайлас жемқорлық тауекелдері жоқ екендігі анықталды.


Мақаланың шыққан күні: 02.08.2018 09:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.08.2018 09:45

Қаралым саны: 1318