Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.08.2017

Қызметтер

Атырау ауылдық округі әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде анықтама

(2016 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайымен)

Атырау ауылдық округі әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін округ әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылды.

Әкім аппараты өз қызметі аясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығымен бектіліген мемлекеттік орган үлгі ережеге сәйкестендірілген», Атырау қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 22 қазандағы №1257 «Атырау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген ережені басшылыққа алады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізу кезеңі - 2016 жылдың ІІ жартыжылдығы.

Атырау ауылдық округі әкімі аппаратында персоналды басқару қызмет бойынша 2016 жыл ішінде кадр ауысушылығы, мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысы, лауазымынан төмендетілуі, өзінің жақын туыстары немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағыныстағы мемлекеттің лауазымды атқаруы сияқты фактілер болған жоқ.

Әкім аппаратында 3 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі:

1. «Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш».

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру».

3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш».

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына ішкі талдау жүргізу барысында – қызметті алушыдан стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету, қызметтің көрсетілу мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сияқты фактілер анықталған жоқ.

Атырау ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша келіспеген жағдайда, қызмет алушы бағалау- бақылау жөнінде уәкілетті органға шағыммен немесе сотқа жүгінеді, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 17.01.2017 11:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.01.2017 11:10