Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Атырау қалалық ветеринария бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде анықтама

Атырау қалалық ветеринария бөлімінде 2018 жылдың I жартыжылдығына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізу кезеңі - 2018 жылдың І жартыжылдығы.

Бөлімде 2018 жыл ішінде, талдау кезінде кадрлар ауысуы болды (басқа қызметке ауысуына байланысты), мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, лауазымынан төмендетілуі, өзінің жақын туыстары немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағыныстағы мемлекеттің лауазымды атқаруы сияқты фактілер болған жоқ.

Қалалық ветеринария бөлімімен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" №7-1/418 бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі:

1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»;

2. "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру", яғни өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру;

Сонымен қатар, қалалық ветеринария бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Атырау қалалық ветеринария стансасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

3. "Ветеринариялық анықтамалар беру";

4. Ауыл шаруашлығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірейлендіруді жүргізу".

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына ішкі талдау жүргізу барысында – қызметті алушыдан стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету анықталмаған, алайда қызмет алушылардың өздерінің бастамшылықтарымен жеке куәліктерінің көшірмелерін тапсыру жағдайы орын алған, қызметтің көрсетілу мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сияқты фактілер анықталған жоқ.

* 2018 жылы 4 сәуірде «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпарациясы» АҚ Атырау облыстық филиалында, «Өзекті мәселе» хабарында қалалық ветеринария бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуі жөнінде ақпарат жарияланды.

Қорытынды:

1. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алып, жұмысты жалғастыру.

2. Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алдын алу үшін бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру ұсынылады.


Мақаланың шыққан күні: 19.06.2018 08:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.06.2018 08:10

Қаралым саны: 1155