Array Атырау қалалық ветеринария бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде анықтама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.06.2017

Қызметтер

Атырау қалалық ветеринария бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде анықтама

(2016 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайымен)

Атырау қалалық ветеринария бөлімінде 2016 жылдың II жартыжылдығына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізу кезеңі - 2016 жылдың ІІ жартыжылдығы.

Бөлімде персоналды басқару қызмет бойынша 2016 жыл ішінде кадр ауысушылығы, мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысы, лауазымынан төмендетілуі, өзінің жақын туыстары немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағыныстағы мемлекеттің лауазымды атқаруы сияқты фактілер болған жоқ.

Қалалық ветеринария бөлімімен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" №7-1/418 бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі:

1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»;

2. "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру", яғни өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру;

Сонымен қатар, қалалық ветеринария бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Атырау қалалық ветеринария стансасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

3. "Ветеринариялық анықтамалар беру";

4. Ауыл шаруашлығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірейлендіруді жүргізу".

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына ішкі талдау жүргізу барысында – қызметті алушыдан стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету анықталмаған, алайда қызмет алушылардың өздерінің бастамшылықтарымен жеке куәліктерінің көшірмелерін тапсыру жағдайы орын алған, қызметтің көрсетілу мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сияқты фактілер анықталған жоқ.

* 2016 жылғы 24 қыркүйектегі «Атырау» газетінің №75 санына қалалық ветеринария бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуі жөнінде хабарлама жарияланды.

Қорытынды:

1. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алып, жұмысты жалғастыру.

2.Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алдын алу үшін бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру ұсынылады.


Мақаланың шыққан күні:: 01.02.2017 10:58
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.02.2017 10:58