Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмыс тобы төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Қаржы және персоналды басқару бөлімі:

1) ағымдағы жылдың I жарты жылдық қорытындысы бойынша кадрлардың ауысуы бойынша: Басқарма басшысы Жәнібеков Дияс Асқарұлы Қазақстан Республикасының 2017 жылдың 31 мамырдағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының 1 тармағына сәйкес, өз еркімен қызметінен босатылды.

2) Мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 30 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) Рұқсат беру функциялары(электронды түрде турооператорлық қызметті лицензиялау);

4) Басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;

5) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

Басқармада 1-жартыжылдықта өткізілген дәрістер:

1) Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы» тақырыбы бойынша 2 дәріс өткізілді;

2) Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен азаматар өтініштерін ЭҚАБЖ (бұдан әрі – электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі)-не өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты түсіндіру жұмыстары өткізді.

 

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

1) Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №159 «Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы;

2) Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 197 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысы;

3) Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы №63 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы;

4) Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 93 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 «Кәсіпкерлік

саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы;

5) Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 213 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 «Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы;

6) Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №128 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №159 «Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

7) Әр жартыжылдықта жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне басқарма басшысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тұрғындарды қабылдау кестесі, сенім телефон нөмірлері жарияланып тұрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарманың әшкерлейтін материалдар жоқ.

8) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері уақытылы қаралып, жауап берілуде.

9) Прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ;

10) Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

 

Басқарма бойынша мемлекет қызмет бойынша ағымдағы жылдың 1- жартыжылдығына арналған анықтама:

Атырау облысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2017 жылы нысаналы трансферт бойынша жалпы сомасы 1543,4 млн.теңгені (865 млн.теңге – игерілді – игерілуі 56%) құрайтын қаражат бөлінді, (Несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша- 1456,4 млн.тг., кепілдендіру – 58,0 млн.тг., мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша – 29,0 млн.тг.) оның ішінде:

1. Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау бойынша:

1 456,4 млн. теңге бөлінді, қаржылық жоспарға сәйкес – 778 млн.теңге - игерілді, игерілуі – 54%.

2017 жылдың басынан ӨҮК-мен 488 жаңа жұмыс орнын ашумен, несие сомасы 5 188,3 млн.теңгені құрайтын 93 жоба мақұлданды (37 жоба 2016 жылы сәйкес кезеңмен) (жобалар тізімі қосымша беріледі).

 

2. Кредиттерді ішінара кепілдендіру бойынша:

58,0 млн. теңге бөлінді - қаржылық жоспарға сәйкес – 58 млн.теңге - игерілді, игерілуі – 100%.

Жыл басынан бастап жалпы кепілдендіру сомасы 580,0 млн.теңге құрайтын 47 жоба мақұлданды (18 жоба 2016 жылы сәйкес кезеңмен) (жобалар тізімі қосымша беріледі).

 

3. Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша:

29,0 млн.теңге бөлінді – қаржылық жоспарға сәйкес игерілуі -100%.

37 жаңа жұмыс орнын құрумен соммасы 29 млн.теңге құрайтын 15 жоба мақұлданды.

 

Комиссия төрағасы: _____________ Қ.Бекбаева

Комиссия мүшелері: _____________ Қ.Жылқышиев

Комиссия мүшелері: _____________ Г.Маратова

Комиссия мүшелері: ______________ А.Шаргабаева

Комиссия мүшелері: ______________ Ә.Сағындық

Комиссия хатшысы: ______________ Ж.Байсултанова


Мақаланың шыққан күні:: 05.07.2017 08:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.07.2017 08:04