Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау туралы анықтама «Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ганюшкино ауылы, Абай көшесі 50 үй, 87123320097, 21094. kurm-ok@mail.ru

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының 2017 жылғы 27 маусымдағы №103 бұйрығымен бөлімнің бас маманы Шарипова Асия Бержановна тағайындалды.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, өз қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 34 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қаңтардағы №21 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімнің штаттық саны-2 бірлікті құрайды, оның нақты саны -2 бірлік.

Жыл сайынғы еңбек демалысына ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін – жіберілген мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Бос тұрған лауазым орны жоқ.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы Конституция;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы

№ 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;

-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Заңы

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » заңы

-Қазақстан Рeспубликасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480- V «Құқықтық актілер туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»;

-«Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы

12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексі;

2017 жылдың 30 маусымдағы жағдай бойынша тікелей бөлім басшысының атына жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

2017 жылдың 30 масусымдағыі жағдайы бойынша бөлім басшысының бөлімнің қызметкерлеріне және бөлімге қарасты мекемелердің қызметкерлеріне қатысты 104 бұйрығы шығарылды, соның ішінде:

Еңбек демалысын беру-12, бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан-2, іс-сапарға жіберу туралы-30, жұмысқа алу туралы- 12, жұмыстан босату – 6, тәртіптік шара алу – 4, еңбек демалысынан шақырту туралы-4, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-34. Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.

Бөлімнің қабылдау бөлмесінде азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-10-94 сенім телефоны орнатылған.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

Бөлім орналасқан ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан және болашағынан айырады», « Что делать если у вас вымогают взятку». атты жадынамалар ілінді.

Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Бөлімнің ұйымдастырушылық- басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2017 06:21
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2017 06:21