Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Одан әрі Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Басқарманың жұмыс тобы өз құзіреттігі шегінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 20 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Басқарма өз құзыретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі №104 «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәселелері» қаулысына және «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» Заңдарына сәйкес атқарады.

Аталған нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Басқармада персоналды басқару қызметі бойынша, атап айтқанда 2018 жылдың 12 айы ішінде мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, қызметкерлердің (кадрлардың) негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, лауазымнан төмендетілуі, ерлі-зайыпты, жақын туысқандық қарым-қатынасы бар қызметкерлердің бірге жұмыс жасауы сияқты фактілер болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу жүргізу жұмыстары бойынша да, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталмады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – басқарма тарапынан 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1. «Оралман мәртебесін беру»;

2.«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоратившілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту».

Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету процестері «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

2018 жылдың 19 маусымымен 2018 жылдың 26 маусымы аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне кезектен тыс көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тексеріс барысында анықталған кемшіліктер жойылған, алайда анықталған бұзушылықтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жатпайтындығы анықталып отыр.

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына ішкі талдау жүргізу барысында – мемлекеттік қызметті алушыдан стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету сияқты, т.б. фактілер анықталған жоқ, алайда жоғарыда аталған тексеріс барысында мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі анықталып, жауапты тұлға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 465 бабы 2 тармағымен жауаптылыққа тартылып, айыппұлды толық көлемде төленгені анықталып отыр.

Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бақылау-қадағалау функциялары көрсетілмейді, ал ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Басқармада сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен 2018 жылдың 23 тамызында Басқарманың мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен «Түрлі әлеуметтік топтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты оқу бағдарламасы өткізілді.

Қорытынды: Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізіп, басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екені анықталды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту мақсатында Басқармада және ресми сайтында 35-40-21 сенім телефоны орналастырылған.

 

Бас маман-заңгер: Н. Ахметжанова

«28» желтоқсан 2018 жыл


Мақаланың шыққан күні: 30.05.2019 09:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.11.2019 13:31

Қаралым саны: 616