Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 2019 жылғы 03 қазанындағы жағдай бойынша басқарманың мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшы лауазымына аталған бөлімнің бас маманы ішкі конкурс тәсілімен орналасты.

2) мүдделер қақтығысы - 2019 жылғы 12 айы жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) басқарма бойынша 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

- «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштер түскен жоқ;

- «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2019 жылдың есептік кезеңі бойынша мемлекеттік органнан тікелей қағаз түрінде 1329 сұранысқа, Мемлекеттік корпорация арқылы 2063 сұранысқа, Портал арқылы 857 сұранысқа жауап берілді. Барлығы 4249.

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштер түкен жоқ.

5) бақылау функцияларын іске асыру - басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

- Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №116 қаулысымен бекітілген Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы туралы Ереже;

- Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №198 қаулысымен бекітілген «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысы Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 тамызда №3275 болып тіркелген;

- Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі №147 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №213 «Архивтік анықтамаларын

беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысы бекітіліп, Атырау облысы Әділет департаментіндегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізіліміне 2019 жылғы 23 шілдедегі 4467 болып тіркелді.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар-басқарма бойынша облыс әкімдігінің «Облыстық басқармалардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды қабылдау өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, басқарма басшылығының азаматтарды қабылдау өткізу жөніндегі және басқарманың сенім телефоны туралы хабарландырулар облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне жарияланды. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері уақытында қаралып, жауап беріледі.

Басқармаға облыс әкімдігі арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орын алмады. Сонымен қатар, басқарма ғимаратында жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан.

прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

сот актілері - басқарма бойынша сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды: Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес, басқармада сыбайлас жемқорлық тауекелдері жоқ екендігі анықталды.


Мақаланың шыққан күні: 09.01.2020 15:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.01.2020 15:15

Қаралым саны: 90