Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың I жартыжылдығана сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Ішкі талдауға жататын бөлімнің атауы: Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

1) Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Өткізу мерзімі: 11 маусым 2018 жыл, аяқталуы 13 маусым 2018 жыл.

Қаралған кезеңі: 01.01.2018 – 01.06.2018 жыл.

 

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1. «Экономикалық талдау және жоспарлау» секторы және «Бюджеттік жоспарлау» секторы жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсан № 95-IV; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №64 бұйрығы; «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығы; «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысы, «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы; «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167-III Қазақстан Республикасының Заңы; «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңы; «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы; «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы; «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы

24 қарашадағы № 511 бұйрығы; «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы; «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығы.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілермен мемлекеттік жоспарлау бойынша атқарушы органның құзырлары қатаң айқындалған, яғни орындалу мерзімдері, жүзеге асыру жолдары мен іс-әрекеттері заңмен шектелген, бұл мемлекеттік органның атқаратын міндеттерін Заңнан тыс іске асыруға жол бермейді, нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа әкелетін тәуекел жоқ.

Сонымен қатар, бөлімдегі мемлекеттік сатып алу процессі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес іске асырылады, яғни қызметтер мен тауарларды сатып алу мемлекеттік сатып алу порталында жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіледі, барлық мемлекеттік сатып алу (хабарлама, техникалық мазмұны, келісім шарт қорытындысы) электронды түрде жүзеге асырылады. Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермейді.

2. Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

1) Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің штаттық құрылымы 9 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады. Атап айтқанда, бөлім басшысы 1 бірлік, бөлім басшысының орынбасары 1 бірлік, сектор меңгерушісі 2 бірлік, бас маман 5 бірлік. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілер арасында кадрлардың ауысуы болған жоқ. Тәртiптiк жазаға тарту тәртiбi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану қағидалары бойынша жүргiзiледi. Өз қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы үшiн 3 әкiмшiлiк қызметшi тәртiптiк жазаға тартылды.

2) Есепті кезеңде мүдделер қақтығысын реттеу-бұл бағытта фактілер орын алған жоқ;

3) Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен мемлекеттік қызметті көрсетудің 1 қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтқанда, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №275 бұйрығы. 2018 жылдың 1 жартыжылдығына өтініш білдірген жас мамандар болмады. Жалпы құжаттарды қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа әкелетін факторлар орын алмайды, себебі мемлекеттік қызмет бекітілген Стандартқа сәйкес жүзеге асырылып, әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы шешім арнайы құрылған комиссиямен қабылданады.

4) Бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

5) Бақылау функцияларын іске асыру – құжатайналым бойынша жоғары органдар мен мекемелерден түсіп отырған хаттар бойынша жауаптар уақытылы дайындалды. Заңды және жеке тұлғалар тарапынан бөлімге тікелей арыз шағымдар түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ. Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына бөлім қызметшілері жеке табыс және мүлік салықтары бойынша есеп беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алған жоқ.

6) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сенім телефоны толықтай жұмыс істеп тұр және жергілікті газет беттеріне бөлімнің сенім телефоны 8(7122)271017 жарияланды. Сонымен қатар, жергілікті газет беттеріне «Жемқорлықпен күрес-баршаға ортақ іс» атты мақала жарияланды.

Қорытынды: мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.


Мақаланың шыққан күні: 19.06.2018 08:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.06.2018 08:54

Қаралым саны: 1353