Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Ішкі талдауға жататын бөлімдер:

1. Заң және кадр қызметі бөлімі;

2. Қаржыландыру және жоспарлау бөлімі;

3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі;

4. Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімі;

5. Отын-энергетика кешені бөлімі.

Аталған жұмыс тобы төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1)персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың таза ауысуы - ағымдағы жылдың I жарты жылдық қорытындысы бойынша кадрлардың таза ауысуы бойынша: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Карамалаев Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес өз еркімен жұмыстан босатылды, басқарма басшысы Ж.Қарағаев, бөлім басшысы Т.Нурпеисов, бас маман Н.Ергалиев Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес басқа мемлекеттік лауазымға орналасуларына байланысты атқаратын лауазымдарынан босатылды.

2) мүдделер қақтығысы – 2018 жылғы 25 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) басқарма бойынша Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №393 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорттарын беру»;

«110кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды

салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітіліп, аудандардың және облыс маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі;

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №101 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалданған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім кабылдауы»;

«Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру;

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітіліп, аудандардың және облыс маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

- облыс әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №393 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы;

- облыс әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №395 «Атырау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысы;

- облыс әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №118 «Атырау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысы;

- облыс әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №100 «Энергиямен қамтамасыз ету кәсіпорындарын, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік салалар объектілерін 2018-2019 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау туралы» қаулысы;

- облыс әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №101 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар,

нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Терминдерді біріздендіру, заңды жетілдіру, құқық қолдану практикасының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар жоқ.

2) Басқармаға қатысты жүргізген тексеру нәтижелері – 2018 жылдың 25 маусым жағдайы бойынша тексеріс болған жоқ.

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - әр жартыжылдық сайын жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне басқарма басшысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тұрғындарды қабылдау кестесі, сенім телефон нөмірлері жарияланып тұрады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

4) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері уақытылы қаралып, жауап берілуде;

5) прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ;

6) Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

 

Комиссия төрағасы: ____________ А.Кенжебеков

 

Комиссия мүшелері: _____________ А.Нургалиев

 

Комиссия мүшелері: _____________ Б.Кубашева

 

Комиссия мүшелері: _____________ Ж.Нигметова

 

Комиссия мүшелері: _____________ Д.Мукишев

 

Комиссия хатшысы: _____________ Г.Арстанова


Мақаланың шыққан күні: 17.07.2018 07:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2019 11:10

Қаралым саны: 1447