Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне 2019 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша АНЫҚТАМА

«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау ішкі талдау мерзімі: 25 шілде 2019 жыл.

Талдау жүргізілген кезең: 2019 жылдың 1 жарты жылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында «Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 18 тамыздағы №4 бұйрығымен жұмыс тобы құрылып, 2019 жылы өзгерту мен қосымшалар енгізілді. (бұдан ары – жұмыс тобы).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні:

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;

3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

4. Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау:

5. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

Талданатын обьект туралы мәліметтер

«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз функциясын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы,

Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Елорда көшесі-54.

1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

2019 жылдың 1 жарты жылдығы бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталғаны:

25.07.2019 жылға бөлімнің штаттық саны-6 бірлік.

Есепті мерзім бойынша бос жұмыс орындары орын алмады. Бөлім басшысының өзінің жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заңдылықтарға сәйкес аудан әкімдігі арқылы конкурс негізінде жүзеге асырылады.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік сатып алу барысында мүдделер қақтығысы анықталмады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы

Бөлім арқылы көрсетілетін қызметтер: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы. «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" № 165 бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі

№ 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы негізінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер: «Е-акимат», «Е-Собес», «Әлеуметтік көмек», «Еңбек нарығы», «АХАТ ТП» базалары арқылы жүзеге асырылады.

Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету келесідей негізде көрсетіледі: 1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы; 2) Мемлекеттік корпорация арқылы; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы.

Бөлім бойынша барлығы мемлекеттік қызметтің 27 түрі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2019 жылдың 1 жарты жылдығында 2870 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді, оның ішінде: 278 қызмет көрсетілетін қызметті беруші арқылы, 753 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы, 1839 қызмет электрондық форматта көрсетілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Исатай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімі тарапынан ішкі бақылау іс-шарасы жүргізілді. Ішкі бақылау барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

2019 жылдың 1 жарты жылдығында 13 жеке, 2 заңды тұлғадан өтініш түсіп, мезгілінде жауаптар берілді. Жеке тұлғалардан арыздар қағаз жүзінде қабылданып, он сегіз санды уникалдық номері беріле отырып, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі «Азаматтар өтініштері» бөлігіне тіркеледі және қызмет қорытындылары қағаз жүзінде беріледі.

4.Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау

Бөлімде Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметші статусымен байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар қатаң сақталады. Талдауды жүргізу барысында Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзушылық анықталған жоқ. Бөлім қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғалған жоқ.

2019 жылдың 1 жарты жылдығында Аудандық прокуратураның 04.06.2019 жылғы №2-0504-19-00368 Ұсынуына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22 қаңтар 2015 жылғы №26 бұйрығымен бекітілген «Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларының» талаптарын сақтамағаны үшін (бөлім басшысының 16.07.2019 жылғы №70 бұйрығы негізінде) Бөлімнің мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бас маман Сайпеденова Альфия Темирбулатовнаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 10.07.2019 жылғы №05-9/1260 хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» талаптарын сақтамағаны үшін (бөлім басшысының 22.07.2019 жылғы №7 бұйрығы негізінде) Бөлімнің бухгалтік есеп және есептеу жөніндегі бас маманы Абилова Гульзада Умирбековнаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

5. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі талаптарын сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жергілікті ақпарат құралы «Нарын таңы» газетіне бөлім қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық көріністері және Әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактілері туралы хабарларды қабылдау туралы «сенім телефоны» және бөлім басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлеріне қатысты сын мақалалар жарияланған жоқ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатырған жұмыстарды халық арасында насихаттау және түсініктер беру мақсатында жергілікті ақпарат құралына «Нарын таңы» газетінің 19.02.2019 жылғы №249 санында «Әр отбасында шаңырақ шайқалмасын», 19.02.2019 жылғы №274 санында «Әлеуметтік-еңбек саласындағымемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары туралы», 17.06.2019 жылғы №1035 санында «Жемқорлыққа жол бермеуге тиіспіз» және 21.06.2019 жылғы №1060 санында «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы» атты мақалалары жарияланды.


Мақаланың шыққан күні: 07.08.2019 17:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.08.2019 17:07

Қаралым саны: 799