Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.07.2018

Қызметтер

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы 2018 жылғы І жарты жылдық қорытындысы бойынша

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмыс тобы төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – ағымдағы жылдың І жарты жылдық қорытындысы бойынша кадрлардың ауысуы бойынша: Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманы Өтепбаев Дастан Дүйсенғалиұлы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-бабы 1-тармағына сәйкес өз еркімен қызметінен босатылды.

2) Мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 20 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығы орын алған жоқ.

3) Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №222 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерiн бекіту туралы» қаулысымен келесі мемлекеттік қызметтер Басқармамен көрсетіледі:

* «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру»;

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»-2015 жылдан 2018 жылғы 20 маусымына дейін жеке және заңды тұлғалардан ешқандай өтініштер түскен жоқ

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттері қолданыстағы заң талаптарына сәйкес уақытында қабылданды.

Қазіргі уақытта, жоғарыда аталған мемлекеттік қызметті Басқарманың құзыретінен алынып, облыстық Дін басқармасына табыстау жұмыстары жүргізілуде.

4) Сонымен қатар, Басқармада рұқсат беру және бақылау функциялары жоқ.

5) Басқармаға қатысты 2018 жылдың қаңтар–маусым айларында прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ.

6) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

7) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - ағымдағы жылдың сәуір айында өңірлік коммуникациялар қызметінде басқарма басшысы Г.Ж.Арыстановамен брефинг өткізілді. Сонымен қатарғ әр тоқсан сайын жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде басқарма басшысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тұрғындалды қабылдау кестесі мен сенім телефоны жарияланып тұрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында Баасқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

8) Басқарманың ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

* Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі;

* Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

* Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет туралы» Заңы;

* Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңы;

* Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы;

* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы;

* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №15 «Персоналды басқару қызметі (кадр) қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығы;

* Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №307 «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының кейбір мәселелері туралы» қаулысы.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекетерді жасау және (немес) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмады.

Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталмады.

Терминдерді біріздендіру, заңды жетілдіру, құқық қолдану практикасының бірыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар жоқ.

9) 2018 жылдың қаңтар және маусым айы аралығында Басқармаға қатысты тексерулер жүргізілген жоқ.

10) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері уақтылы аралып, жауап берілуде.

 

Комиссия төрағасы __________________Г.Ж.Арыстанова

Комиссия мүшесі     __________________Г.И.Қорқытова

Комиссия мүшесі     __________________К.М.Санаева

Комиссия хатшысы __________________І.Ә.Әділхан


Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018 03:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2018 03:10

Қаралым саны: 199