Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балабақшасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, МКҚК «Алтын кілт »бөбекжай балабақшасының 2020 жылдың 21.01.2020 жылғы балабақша меңгерушісінің №18 бұйрығына сәйкесті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2)Мекемеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

4) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

МКҚК«Алтын кілт»бөбекжай балабақшасында штат саны - 33,9 бірлікті құрайды. Атап айтқанда меңгеруші - 1, меңгерушінің шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары - 1 адам, әдіскер 0,5, дене тәрбиесінің нұсқаушысы – 0,5,саз жетекшісі – 1, тәрбиешілер – 9 адам, техникалық қызметкерлер саны - 18 – адам жұмыс жасайды.

МКҚК«Алтын кілт» бөбекжай балабақшасының қызметінде 2019 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде кадрлардың ауысуы болған жоқ.

2019 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында 3 адам өз арыздары бойынша жұмыстан босады: Жиреншиева К зейнет жасына 1 ай қалғанда денсаулығына байланысты өз арызы бойынша 09.09.2019 ж. бұйрық № 94. Бегалиева Т 26.02.2019 ж. бұйрық № 34.

Доскалиев Т 26.02.2019 ж. бұйрық № 35. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды. МКҚК«Алтын кілт»бөбекжай балабақшасына жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығына бос орындарға сұраныс беру арқылы жолдамамен қабылданып жүргізіледі. 2019 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында 4 адам жұмысқа қабылданған.

Мұқанова Г 01.02.2019 ж.бұйрық № 24.- кастельянша,

Жалғасбаева Э 11.03.2019 ж.бұйрық № 38.- аула тазалаушы,

Суиеуова А 09.09.2019 ж.бұйрық № 93- бала күтімінде отырған қызметкердің орынына уақытша педагог психолог, Ильясова А 25.09.2019 ж.бұйрық № 98.- тәрбиешінің көмекшісі.

 

МКҚК«Алтын кілт»бөбекжай балабақшасының міндеттеріне:

1) Бүлдіршіндерді бала бақшаға жолдама арқылы қабылдау;

2) Ата-аналармен жиналыстар өткізу;

3) Педагог мамандармен жұмыстар ұйымдастыру;

4) Бала бақша ұжымының жиындарын өткізу

МКҚК«Алтын кілт»бөбекжай балабақшасының өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 17 тамыз 2017 жылғы №615 бұйрығы

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 27.07.2007 жыл №319

МКҚК«Алтын кілт»бөбекжай балабақшасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Қызметкерлерден арыз шағым түскен жоқ.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған және 6-15-43 сенім телефоны орнатылған.

Сонымен қатар, бала бақшада сыбайлас жемқорлық қоғам дерті тақырыбында стенд тақта орналастырылған және жарнама брошюралар таратылып ілінген.

 

Әдіскер: __________ А.Каламбаева

Медбибі: __________ У.Сисенова

Есепші: ____________ Т.Сабыргалиева


Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 10:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 10:56

Қаралым саны: 211