Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.05.2020

Қызметтер

«Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша анықтама

Ішкі талдауға жататын бөлімнің атауы: Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

1) Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1.1. Бөлім жұмыс барысында келесі нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

- «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңы;

- Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы №805 қаулысымен бекітілген «Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарымен бекітілген егін және мал шаруашылығы саласын дамыту мен қолдауға бағытталған бағдарламалар қағидалары, техникалық инспекция қызметін жүргізу қағидалары, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары.

Бөліммен 10 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі:

1. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау».

2. «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау».

3. «Тұқым шаруашылығын субсидиялау».

4. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау».

5. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау».

6. «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу туралы».

7. «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру».

8. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру».

10. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру».

11. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу».

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына уәкілетті органмен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданып, әр тармақ бойынша тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда.

 

2. Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару бойынша – бөлімде 7 бірлік штатта 7 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. 2017 жылы жұмысқа жаңадан қабылданғандар болған жоқ. Сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алған жоқ;

2) Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша фактілер орын алған жоқ;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету – бөліммен 10 қызмет түрі көрсетіледі;

4) Рұқсат беру функциясы – бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

5) Бақылау функцияларын іске асыру – құжатайналым, жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі бойынша, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін бұзу фактілері орын алған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру қажеттігі анықталды.

 


Мақаланың шыққан күні: 29.12.2017 02:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.12.2017 02:10

Қаралым саны: 1162