Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

«Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені

«Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешеніАуыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізу, ауыл спортын дасыту, жас жеткіншектердің салауатты өмірге белсенділігін арттыру мақсатында «ЭСС - Тенгиз» ЖШС мекемесінің жетекшісі Достанов Бағытжан Қапанұлы өз мекемесі қаражаты есебінен құны 87 000 000 теңге жобасында спорт кешенін (12*40) салып берді. «Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, ақсақалдар, мектеп оқушылары қатысты. «Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені №3 мектеп ауласында орналасқан. Құрылысы 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабатында – кіре беріс, балаларға арналған спорт зал, мұғалімдер мен медбикелерге арналған кабинет, жаттықтыру залы, тазалық бөлмесі орналасқан. Екінші қабатында – ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыратын бөлме орналасқан. «Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені 568 адамға арнап салынған. Аумағы 3481 шаршы метр.

 

«Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені «Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені «Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені «Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені «Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені «Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені «Ырыс» дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені

Мақаланың шыққан күні:: 13.11.2017 07:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.11.2017 17:35