Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.10.2017

Қызметтер

Мүліктеріңізді заңдастыруға асығыңыздар!

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 тамыздағы №959 "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы" қаулысы шықты. Осы қаулыны басшылыққа ала отырып Жылыой ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 2 қыркүйектегi №411 қаулысымен «Жылыой ауданында мүлiктi жария етудi өткiзу туралы» комиссиясы құрылып, жұмыс iстеуде.

Жоғарыда аталған Заңның мерзiмiн ұзарту туралы 2015 жылдың 13 қарашасында қол қойылып, мүлiктi жария ету акциясы 2016 жылдың 30 қарашасына дейiн ұзартылды.

2014 жылғы қыркүйектен бастап қолданысқа енген Заң бар мүлiктi жария етiп, заңдастыруға мүмкiндiк бередi. Оған қазақстандық азаматтар, оралмандар мен елiмiзде тұруға ықтиярхаты бар адамдар қатысып, заңда белгiленген тәртiппен жылжымайтын мүлiктерiн жария ете алады. Комиссия отырысы аптасына бiр рет өткiзiлiп отырады. Өтiнiштiң қаралу мерзiмi 1 ай. Жалпы, тұрғындардың көпшiлiгi жеке тұрғын үйдi заңдастыру, үйiнiң қасынан салынған монша, тұрғын үйдi жалғастыру қосымша құрылыс, қайта жоспарлау, гараж, қойма, дүкен, кәсiпкерлiк мақсаттағы нысандарды қосалқы ғимараттарды заңдастыру мәселесiмен келiп жатыр.

2014 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап осы уақытқа дейiн ауданның  — 543 дей тұрғыны хабарласып, тиiстi мағлұматтар алуда. Күнi бүгiнге 80 өтiнiш тiркелiп, 69 өтiнiштi жария етуге шешiм шығарылды, 1 өтiнiш заңдастыруға жататын мүлiкке (ғимаратқа) тиiстi сарапшының қорытындысы болмауына байланысты керi қайтарылды, 10 өтiнiш комиссия отырысында қарастырылуда.

Жоғарыда көрсетiлген өтiнiштер бойынша жария етiлген 69 тұрғын үй нысанының сомасы-306 млн 230 мың теңге, 64 тұрғын емес нысандар сомасы-27 млн 890 мың теңге және 41 коммерциялық нысандар сомасы — 173 млн 304 мың теңгенi құрады.

Мүлiктi жария ету акциясы 2016 жылдың 30 қарашасына дейiн ұзартылғандығын, Сiздердiң назарларыңызға жеткiзедi.

Мүлiктердi жария ету үшiн Жылыой аудандық әкiмшiлiктiң Кеңсе бөлiмiне 14-шi кабинетiне барып, мүлiктерiңiздi заңдастыруға қатысты кез келген сауалыңызға жауап алып, тиiстi құжаттарыңызды тапсыра аласыз. Мүлiктерiңiздi заңдастыруға асығыңыздар!

Мекен-жайы: Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 26 үй.

Тел: 8 (71237) 5-19-83.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 10:31
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.06.2016 10:31