Array «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймақ басқару компаниясы» | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

«Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймақ басқару компаниясы»

Қазақстан Республикасы Президентінің №495 жарлығына сәйкес 2007 жылдың 19 желтоқсанында құрылды.

Ауданы – 3475,9 га

АЭА аумағында:
 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «бір терезе» қағидатын ұстанады;
 Еркін кеден аймағы рәсімі жүргізіледі;
 Жер телімдерін инфрақұрылым нысандарымен бюджеттік қаражат арқылы толықтай немесе жартылай қамсыздандырады.

Арнайы экономикалық аймақтың қызметтің басым түрлері:
 Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес мұнай-химиялық, химиялық және бір - бірімен байланысты өндірістерінің инфрақұрылым нысандарын құру және іске қосу;
 Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру;
 Мұнай-химиялық өнімдерін өндіру, сонымен қатар бір - бірімен байланысты өндірістер мен технологиялар;

Кім арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы бола алады?
Арнайы экономикалық аймақтың басым қызметтерінің түрлерін жүзеге асыруды жоспарлайтын заңды тұлға (оған қоса шетелдік).

Кім арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы бола алмайды?
1) Кен орындарын пайдаланушылар;
2) «Бюджетке салық және де басқа міндетті төлемдері» туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 279 бабы 6 тармақшасымен қарастырылған акциздік тауарларды өндіретін, құрастыратын ұйымдарды есепке алмағанда, акциздік тауарларды өндіретін ұйымдар;
3) Арнайы салықтық режимді қолданатын ұйымдар;
4) Инвестициялық салықтық жеңілдіктерді қолданатын ұйымдар;
5) Ойын-сауық бизнесін ұйымдастырушылар.

АЭА қатысушыларына келесідей жеңілдіктер бар:
 Корпоративтік табыс салығы - 0%
 Жер салығы - 0%
 Мүлік салығы - 0%
 Үсте құн салығы - 0%
Басқа да жеңілдіктер
 Шетелдік жұмысшыларды жұмысқа алудың жеңілдетілген тәртібі
 Ақысыз 10 жыл мерзімге дейін жер телімін беру


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:37
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 11:37