Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы кәсіпорындарының проблемалық мәселелері бойынша мәжіліс

2018 жылдың 29 қаңтарында Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Е. Лұкпановтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде үш мәселе талқыланды. Бұлар: өңірдегі кәсіпорындардың өнімдерін өткізудегі проблемалық мәселелері, еңбек жанжалдары, өндірістегі жұмыс апаттары. Кездесуге ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілі, облыстық басқарма басшылары және облыстың ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Жиналыс барысында бірінші мәселе бойынша өздерінің кәсіпорындарының ағымдағы жағдайды бойынша «Шеврон Мұнайгаз Инк» компаниясының коммерциялық мәселелер жөніндегі менеджері Легин Евгений Валерьевич және «Каспий Лана» ЖШС директоры Есмақанова Назгүл Балапанқызы сөз сөйледі.

Екінші мәселе бойынша Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары 2017 жылы әлеуметтік шиеленісті бақылау нәтижелері бойынша Атырау облысы әлеуметтік шиеленістер мен еңбек жанжалдарының пайда болу қаупінің орташа деңгейі бар өңірлердің тізімінде тұрғанын атап өтті. 2017 жылы қазақстандық жұмысшылар тарапынан өздерінің еңбек жағдайлары туралы наразылық білдіру 2 оқиға орын алды. Олардың пайда болуының негізгі себептері еңбек келісімшарттарының жасалмауы және жалақының өсуі болды. «Консорциум Искер» ЖШС бас директоры Балғымбаев Бегім Бейбітұлы бұл оқиғаны түсіндіріп, мұндай істердің алдын-алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Үшінші мәселе бойынша Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары 2017 жылы Атырау облысында 50 өндірістегі жұмыс апаты, оның 2-і топтық болғанын атап өтті. Оқиға салдарынан 79 адам жарақат алды, оның 12-і қайтыс болды, 31-і топтық оқиғада (олардың біреуі 28 адамның топтық улануынан болған).

Мысалға, «Теңізшевройл» ЖШС өзінде және алты мердігер ұйымдарда жеті оқиға орын алды, олардың екеуі «Теңізшевройл» ЖШС және «Өмірзақ Сервис» ЖШС-де қаза болды, қалғандары ауыр. «Теңізшевройл» ЖШС-нің өкілдері компанияда және мердігер ұйымдарда болған апаттардың алдын алу үшін компаниямен қандай шаралар қабылданып жатырғанын сипаттады.

 

 


Мақаланың шыққан күні: 03.03.2018 00:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 14:05

Қаралым саны: 1301