Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.07.2018

Қызметтер

Атырау облысы Қаржы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл салалық бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Атырау облысы Қаржы басқармасының қызметі - бюджетті сапалы орындау, бюджет есептілігін қалыптастыру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу, қаржының уақытында игеруіне мониторинг жасау және коммуналдық меншікті басқару болып табылады.

Бюджеттің атқарылуы «Парус Бюджеттік қаржыландыру» және «Қазынашылық-Клиент» бағдарламалық өнімдері арқылы жүзеге асырылуда, бюджеттің атқарылуы толық автоматтандырылған, адами фактор жойылған.

Қаржыландыру жоспарлары мемлекеттік мекемелер бөлінісінде «Парус Бюджеттік қаржыландыру» бағдарламалық өнімі арқылы жүргізіліп, Қазынашылық департаментіне электронды түрде ұсынылады. Мемлекеттік мекемелер кассалық есеп айырысу қызметін қазынашылық жүйесіне электронды түрде жүзеге асыруда, «Қазынашылық – Клиент» ақпараттық жүйесін енгізу нәтижесінде қаржы операциялары қысқа мерзімде өңделуде. Қазынашылық департаменті қаржы органдарын бюджеттік сыныптаманың шығыс кодтары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілері бөлінісінде қаржының күнделікті игерілуі жөніндегі ақпаратпен және облыс бойынша бюджет қаражатының қалдықтары туралы күнделікті мәліметтермен қамтамасыз етіп отыр.

Аталған қызметтердің электронды түрде көрсетілуі қаржыны жедел басқаруға мүмкіндік беріп отыр, сондай-ақ Үкімет тарапынан жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жасалып отырған шаралардің бірі деуге болады.

Коммуналдық меншікті басқару қызметі де электронды басқару арқылы жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тізілім веб-порталы арқылы жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізілген ұйымдар және есептен шығаруға ұсынылған автокөлік құралдары және өзге де мүліктер сатылуда, келісімшарттары да электронды жасақталады.

Мемлекеттік мүлікті жалға беру бойынша электронды тендерлер өткізіліп, бюджеттің кіріс бөлігі қамтамасыз етілуде. Жалға беру түсімдерінің өсуі Объектіні электронды түрде жалға беруге көшудің жемісі деп санаймын және осы бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

Коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүліктердің (ғимараттар, электр объектілері, су құбырлары, жол, көпір, бөгеттер (дамбы), парктер (саябақ, демалу алаңдары) ескерткіштерге) рәсімделуіне талдау жүргізілді.

Талдау барысында рәсімделмеген мүліктерді құжаттандыру мақсатында Жол картасы дайындалып, осыған байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Коммуналдық меншіктегі барлық ұйымдардың мүліктері жыл сайын мамыр айына дейін Қазақсатан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік тізілім веб-порталы тізіліміне есепке қойылады. Яғни, коммуналдық меншіктегі ұйымдардың барлық мүліктері мемлекеттік мүліктің бірыңғай тізілімінде болады, тізілімге енгізілген мүліктердің рәсімделуіне үлкен мән беріліп отыр.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша бюджеттік жоспарлау, кассалық қызмет көрсету, сатып алуды жүзеге асыру және коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша ауыл әкімдері аппаратының мамандарын даярлау бойынша Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Әжіғалиевамен бекітілген желілік кестеге сәйкес Құрманғазы, Индер, Исатай, Мақат, Махамбет, Қызылқоға аудандарына барып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ аталған аудандарға Тексеру комиссиясымен бірлескен түсіндіру шараларыда іске асырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігі жанынан ипотекалық қарыз алушылардың алған ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландырудан бас тартуларға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі Комиссия құрылды.

Бүгінгі күнге 23 комиссия отырысы өткізілді, оған екінші деңгейлі банктердің өкілдері мен шағымданушылар шақырылып, банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартулары Комиссия мүшелерімен талқыға салынып, заңдылықтар мен Бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексерілді.

Бүгінгі күнге комиссияға 129 шағым түсті, оның 54-і бойынша Банк шешімімен келіспеу туралы, 74-і бойынша Банк шешімімен келісу туралы шешімдер қабылданды; 1 арыз құжаттардың дұрыс болмауына байланысты кері қайтарылды.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қатаң сақтау, яғни бюджеттік қаражаттарды заңсыз пайдалануға итермелейтін жағдайлар мен себептерді болдырмау мақсатында басқарма қызметкерлері арасында насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.

Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында шаралары ұйымдастырылуда, соның бірі мемлекеттік қызметкерлердің сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жадынамалар басқарманың көрнекті жерлеріне ілінді. Мекеменің қызметтік автокөліктеріне арнайы белгі орнатылды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 9 қарашадағы № 1408 бұйрығымен 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес басқарма басшысымен

2017 жылы облыс әкімімен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында тұрғындарды қабылдау кестесі бойынша қабылдау өткізіліп, қабылдау кестесі мен сенім телефондары облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» басылымдарында тоқсан сайын жариялануда.

Азаматтардан түскен арыз шағымдардың да дер кезінде қаралуы қамтамасыз етілуде, азаматтардың арыз-шағымдары үшін жәшіктер орналастырылған.

Азаматтардан және заңды тұлғалардан түсетін арыздарды уақтылы қарауға бақылау жүргізу мақсатында Қаржы басқармасы бойынша кіріс құжаттарының мониторингі жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына әр ай сайын есеп жолданады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес 2017 жылы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес екі қызметкер мемлекеттік бос лауазымға қабылданды, 2018 жылы бір қызметкер осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижесімен жоғарлатылды, үш қызметкер бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданды.

Сонымен қатар, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына сәйкес 2017-2018 жылдары тәртіптік жазаға тартылған қызметшілер болмағанын хабарлаймыз.


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 06:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 06:46

Қаралым саны: 18