Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.06.2018

Қызметтер

Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің оқушылар арасында облыстық фестиваль-байқауы

Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің оқушылар арасында облыстық фестиваль-байқауыАтырау қаласы Ж.Нәжімеденов атындағы №2 орта мектеп базасында облыстың жалпы орта білім беретін мектептердегі драма үйірмелеріне қатысушы оқушыларының арасында «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің облыстық фестиваль-байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі тануға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту болатын.

Байқауға облыстық, Атырау қалалық және аудандардың балалар театр ұжымдары қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, данс-спектакль және басқалары), «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ театры».

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік байқау жұмыстары (қойылым) және үздік орындаушылар «Әртістік бейнені үздік сомдау», «Әйел адамның үздік рөлі», «Ер адамның үздік рөлі», «Сахналық үздік костюм», «Екінші пландағы үздік рөл», «Үздік хореография», «Көркем сөз», «Үздік орындаушылық шеберлік» номинациялары анықталып, марапатталды.

Байқау қорытындысымен жүлделі орынды иемденген Құрманғазы ауданы, Б.Бегалиев атындағы орта мектептің драма үйірмесі күзде Өскемен қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Состоялся областной фестиваль-конкурс среди учащихся  «Театрдың ғажайып әлемі» Состоялся областной фестиваль-конкурс среди учащихся  «Театрдың ғажайып әлемі» Состоялся областной фестиваль-конкурс среди учащихся  «Театрдың ғажайып әлемі» Состоялся областной фестиваль-конкурс среди учащихся  «Театрдың ғажайып әлемі» Состоялся областной фестиваль-конкурс среди учащихся  «Театрдың ғажайып әлемі»

Мақаланың шыққан күні:: 03.03.2018 05:39
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.03.2018 05:39