Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.08.2017

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №05-1-211/467 және 2016 жылғы 18 тамыздағы №05-1-06/1423 хаттарына сәйкес а.ж. 6 айына жасақталған мониторинг

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №16 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Атырау облысы Жер қатынастары басқармасында жүргізілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысын жолдаймыз.

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық қолдану тәжірибесі зерделеніп, бағаланды;

  • сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша басқарма қызметкерлерінің қызметтері толықтай қаралды;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен аралықта басқармаға заңды және жеке тұлғалар тарапынан ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша БАҚ-дағы басылымдар зерделенді;

  • басқармада сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелеріне сәйкес басқармада «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» өткізудің қажеттілігі жоқ деп есептейміз.


Мақаланың шыққан күні:: 10.11.2016 17:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.11.2016 17:09