Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

Өнертапқыштар сайысы

Соревнования юных изобретателейАтырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын іске асыру аясында Техникалық шығармашылық және өнер тапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) облыстық жарыстары өтті.

Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Атырау қаласы мен аудандардан жалпы орта білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарынан жас өнертапқыштар қатысты.

Жарыстар төмендегідей модельдердің кластары бойынша өткізілді: - радиомен басқарылатын көлік модельдері;

- автокөлік модельдеу;

- әуе модельдеу;

- кеме модельдеу;

- зымыран модельдеу.

Жарыс қорытындысымен Индер аудандық оқушылар шығармашылық орталығының оқушылары А.Меңдіғалиев (РЦБ), Е.Асқаров (әуе моделі), Д.Әділ

(зымыран моделі), Ш.Қараман (кеме моделі), Жылыой аудандық жас техниктер станциясының оқушысы А.Тілеуқұл (БАГИ-10Э,S9A ротошют) бағамдары бойынша жүлдегер атанып, республикалық жарыста облыстың намысын қорғайды.

Соревнования юных изобретателей Соревнования юных изобретателей Соревнования юных изобретателей

Мақаланың шыққан күні: 29.05.2019 09:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.05.2019 09:28

Қаралым саны: 966