Array Ақкөл ауылдық округі бойынша аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру бойынша орындалысы жөнінде хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

Ақкөл ауылдық округі бойынша аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру бойынша орындалысы жөнінде хабарлама

Ақкөл ауылдық округі әкім аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге және оны болдырмауға бағытталған шаралар үнемі бақылауда ұсталып, жасақталған жоспарға сай жұмыс жүргізілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Халықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа кеңінен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында Ақкөл ауылдық округінің веб сайты жарияланбаған. Құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізу яғни пайдалану үшін алға қарай жұмыс жүргізілетін болады. Ақкөл ауылдық округ әкімінің ғимаратында, мектеп ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық фактілері көрсеткен өтініштері мен хаттарына арналған пошта жәшігі округ ғимаратының алдында орналасқан.Округте арнайы құрылған сараптау комиссиясы сенім жәшігін 10 күннен кешіктірмей қарап отырады. Комиссия төрайымы әкім кеңесшісі Р.Кайрушева сенім телефоны арқылы хабарлауға болатындығы және сенім жәшігі жұмыс жасайтыны туралы тұрғындарға хабарланды. Мемлекеттік сатып алу аясындағы заңнамалармен танысу үшін, округ әкімі Б.Рамазанов және Ақкөл орта мектебінің шаруашылық жөніндегі орынбасары Г.Набидуллина 2016 жылдың 4-5 ақпан күндері Атырау қаласына барып білімдерін жетілдіру үшін арнайы курстан өтті.Округ бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы жер кодексі талаптарының бұзылуына, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу-үнемі назарда ұсталып келеді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініш кідіріссіз қабылданып, қаралып, уақытында жауабы беріліп отыр.Округ әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жұмыстары ашық түрде өткізіліп келеді. Барлық мемлекеттік сатып алулар, портал арқылы конкурс бойынша жүзеге асырылады.2016 жылдың 9 айы бойынша ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын» бұзған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.

Ақкөл ауылдық округнің әкімі Б.Рамазанов


Мақаланың шыққан күні:: 24.11.2016 11:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.11.2016 11:08