Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы 23.07.2020

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы, 1960 жылы туған, "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС-нің басқарушы директоры-басқарма мүшесі, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Атырау қаласының тұрғыны;

Смағұлов Серік Мұраденұлы, 1976 жылы туған, «АТМА-Атырау Әуежайы және тасымалдау» АҚ басқарма басшысының орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны;

Сейілханов Сағын Темірханұлы, 1962 жылы туған, «ҚТЖ» ҰК АҚ» - «Атырау магистральдық желі бөлімшесінің» бас инженері, Атырау қаласының тұрғыны.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

 


Мақаланың шыққан күні: 11.07.2020 16:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2020 10:54

Қаралым саны: 544