Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы 12.07.2020

Сайлау комиссиясына Атырау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болуға ниет білдірген (келісім) 5 өтініш келіп түсті:

4 кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды:

Смағұлов Серік Мұраденұлы, 1976 жылы туған, «АТМА-Атырау Әуежайы және тасымалдау» АҚ басқарма басшысының орынбасары, Атырау қаласында тұрады;

Сейілханов Сағын Темірханұлы, 1962 жылы туған, «ҚТЖ» ҰК АҚ» - «Атырау магистральдық желі бөлімшесінің» бас инженері, Атырау қаласында тұрады;

Арыстан Серік Бисешұлы, 1965 жылы туған, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің департамент директоры, Атырау қаласында тұрады;

Қарабаева Айжан Сәрсенқызы, 1976 жылы туған, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры, Атырау қаласында тұрады.

1 кандидат облыстық мәслихатпен ұсынылды:

Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы, 1960 жылы туған, "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС-нің басқарушы директоры-басқарма мүшесі, "Nur Otan" партиясының мүшесі, Атырау қаласында тұрады.

Кандидаттарды ұсыну кезеңінде сайлау заңнамасын түсіндіру, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін, сайлау комиссиясының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз-шағымдар түскен жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 12.07.2020 15:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.07.2020 17:50

Қаралым саны: 265