Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Ақкөл ауылдық округі бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі атқарылған шаралардан хабарлама

Аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомстваарлық комиссиясының 2017 жылға І тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сай жұмыстар атқарылып келеді. Округ бойынша құқық бұзушылықты болдырмау, олардың алдын алу шаралары үнемі бақылауда ұсталып келеді. Объектілер аумағында жүргізілетін бейне бақылаудан қамтамассыз ету жөнінде учаскелік инспектор арқылы жеке кәсіпкерлерге күзетші алып бейнебақылаукамерасын орнату жөнінде ұсыныс берілді.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру жұмыстары ұйымдастырылуда. 2017 жылдың Наурыз айында жергілікті полиция қызметкерлерінің І тоқсанының есеп беру жиналысы өтті. Кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс мектеп мұғалімдерімен, психологтармен, жасөспірімдер жөніндегі мектеп инспекторымен қадағаланып тиісті шаралар қабылданып отырады. Жалпы округ мамандары тарапынан ауылдағы полиция қызметкерлерімен,мұғалімдермен бірлескен жоспарлы «Түнгі ауыл» рейдтері өткізіліп,рейд кезінде кәмілетке толмаған оқушылардың түнде мезгілсіз жүрулері көңіл көтеру орындарына баруларына, кәмелет жасына толмаған балалардың жұмыс жасауына жол бермеуі туралы үнемі қадағаланып отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 12.04.2017 12:27
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.04.2017 12:27