Array Ақкөл ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі атқарылған шаралардан хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Ақкөл ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі атқарылған шаралардан хабарлама

Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиясының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сай жұмыстар атқарылып келеді. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында, осындай фактілерді байқаған жағдайда Ақкөл ауылдық округі бойынша 7-10-11 сенім телефоны жұмыс жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарына арналған пошта жәшіктері округ ғимаратының алдына орналастырылған.Тұрғындардың сана сезіміне сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған түрлі-түсті бояумен шығарылған жадыннамалар округке қарасты мекемелердің көрнекі жерлеріне ілінді. 2017 жылдың 07 наурызында мемлкеттік қызметшілер арасында қызметтік тәртіпті сақтау жөнінде және 20 наурыз күні мемлекеттік қызметшілер арасында Заң нормаларымен көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту барысындағы бірыңғай тәсілдемесін жұмыс тобында талқылау, қабылданған заңсыз шешімдерге жол берген қызметшілерге қатысты жауапкершілікті анықтау кезінде жазаның аса қатаң түрін қолдануды түсіндіру туралы округ әкімі аппаратының мәжілісі өтті. Азаматтардан, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер уақытында қаралып, жауаптар беріліп отырылады. Ақкөл жалпы орта мектебінде ақпан айында «Әдеп ең қымбат мирас» атты тәрбие сағаты, «Алғыс айту-парызымыз» атты ой бөлісу және мұғалімдер арасында наурыз айында «Адамгершілік асыл қасиет» атты дөңгелек үстел өтті. Ақкөл жалпы орта мектебінде «Адал ұрпақ атты» ерікті клубы құрылды. 2017 жылдың наурыз айында ерікті клубының құрамы аудандық сайысқа қатынасып алғыс хат алды. Ақкөл жалпы орта мектебінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында «Парасатты азамат» бұрышы ілінген және ай сайын жаңартылып отырады.


Мақаланың шыққан күні:: 12.04.2017 12:28
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.04.2017 12:28