Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

«Отбасымызды сақтайық»

Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Сол іргетасты дұрыс қалау өзіміздің қолымызда. Бірақ бүгінгі күні қоғамда отбасын құрып, шаңырақ көтергендерден, ажырасып кететін отбасылардың қатары көбейіп кеткен. Елімізде бір жылдың ішінде шаңырақ көтерген отбасылардың үштен бірі ажырасып кетеді екен.

Жалпы статистикалық мәліметтер бойынша алатын болсақ аудан бойынша 2017 жылы 181 неке қию акт жазбасы тіркеліп, 36 некені (ерлі – зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасы тіркелген, 2017 жылда ажырасқандардың жас ерекшеліктері ерлерінің жас шамасы 38- 40, ал әйелдерінің жас шамасы 28 -31 аралығын көрсетіп отыр.

2018 жылы 184 неке тіркелсе, 27 - некені ( ерлі – зайыптылықты ) бұзу тіркеліп отыр. Олардың екеуі өзара келісімдерімен ортақ бала болмауына байланысты жергілікті атқарушы орган арқылы некесі бұзылғандар. 2018 жылы ажырасқандардың жас ерекшеліктері ерлерінің жасы 31-31, ал әйелдердің жастары 22-23 аралығында, яғни неке бұзушылардың көбі жас отбасылар екендігін көрсетіп отыр. Жалпы отбасылардың жиі ажырасуына түрлі себептер бар, барлығының шешімін бір жерден ғана іздей алмаймыз. Көпшілік шаңырақтың шайқалуына ер мен әйелдің өзара түсінісе алмауы себеп болады дегенді алға тартады. Әрбір отбасында ер мен әйелдің өзінің атқаратын міндеттері бар. Бұл біздің дінімізде де айтылған. Олар әрқайсысы өзіне артылған міндетті жауапкершілікпен атқарып, ері әйелінің, әйелі ерінің құқықтарына құрметпен қараса, қазақ қоғамында мұндай мәселе туындамас еді.

Шаңырақтың шайқалуына қазіргі таңда басты себептері ауылдық жерлерде жұмыссыздық, ішкілікке салыну, тұрмыстық хал ахуалының төмен болуына байланысты-деп ойлаймын. Егер жастар жұмыста болса, ішкілікке салынуға уақыты болмайды, тұрмысы түзеледі.

Мысалы, 2004, 2010 жылы некеге отырған жастар ұзақ жыл бірге тұрып келіп ажырасып жатыр бұлардың неке бұзуларына басты себеп ортақ бала болмауына байланысты. Ортақ бала неге болмайды деп ойлап қарасақ, негізгі себеп қазіргі жастар тар шалбар, қысқа кофта, ашық-шашық көйлек киіп өздерінің денсаулықтарына зиян келтіруде.

10 жылғы жуық бірге тұрып, ажырасып жатырған отбасылардың ері ішкілкке салынып, жұмыссыз отбасына мас күйінде келіп тиісіп, мазасын алып, бала тәрбиесіне кері әсер еткен, әйел адамның шыдамының таусылуына байланысты некелері бұзылған. Бұл отбасыларға сот келісу уақытын тағайындағанымен, белгіленген уақытта татуласу болмағандықтан ажыратылған.

Қазіргі уақытта сот жанынан отбасылық құқықтық қатынастарды шешуге медиациялық келісім қолданылады. Медиациялық келісімнің жастарға тигізер көмегі өте көп екендігін айтуға болады, себебі: отбасы арасындағы дау дамайларды тыңдап, жастарды келісімге шақыру үшін өте қажет.

Жастардың ажырасқанынан балалары зардап шегеді және бұзақылық, тәртіпсіздік те осы балалардан көп кездеседі, баланың тәртібін қарауға жалғыз басты анасының уақыты бола бермейді. Баланың қысылғанда қол созатын әкесі бөлек тұрса немесе араласпайтын болса бала шешімді өзі табуға тура келеді. Әкесіз өскен бала ұрлық жасауға да жақын тұрады, себебі оның

қажеттілік туындағанда қаражаты болмай анасының тауып беруге мүмкіндігі болмаған уақыттарда ұрынып қалуы мүмкін.

2018 жылы ауданда кәсіби емес медиаторлар тағайындалды. Ауданда 21 кәсіби емес медиаторлар барлығы 59 іс қараған оның 15-і азаматтық іс неке, отбасы құқығына байланысты. Осы медиаторлардың берген кеңестерінің арқасында көптеген отбасылар татуласып, түсінісіп қазіргі таңда бір отбасы болып, тұрып жатыр. Олай дейтін себебіміз 2017 жылы 36 неке бұзу болса 2018 жылы 19 болып, неке бұзудың 50 пайызға жуық азайғанын көреміз. Дегенмен, кейбір отбасылар медиаторлардың кеңесіне қарамай ажырасып жатырғандар да баршылық. Отбасылардың ажырасу үстінде отырғанын көрсек неге үй –іші , ата-аналары, жора жолдастары жан-жақтан ақыл кеңестерін айтып, ортақ балаларына беретін тәрбиені түсіндіріп жұмыс жасасақ мүмкін 10-15 болмағанмен 1-2 отбасын ажырасудан сақтасақ, өте жақсы болар еді.

Аудан басындағы медиаторлар Каримова Гүлнар, Жұмабаева Бағытжамал, Қуанышева Гулфайруздар балабақша меңгерушісі, мұғалім болып қызмет атқарады бұл кісілер отбасымен, балалармен көп жылдар жұмыс жасаған, бала тәрбиелеп отырған ана, әжелер. Осы медиаторлардың келістірген, өзара түсініскен отбасыларына қарап отырып, осындай тек медиаторлар ғана емес сіз болып, біз болып бәріміз бірігіп неге осындай жастарға аз да болса ақылымызды айтып келісімге шақырмасқа.

Таңның атуын күліп қарсы алып, отбасымызда татулық, бірлік болуын тілеп отырсақ, ажырасу болмас еді.


Мақаланың шыққан күні: 05.03.2019 17:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.03.2019 08:16

Қаралым саны: 688