Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.10.2020

Қызметтер

Әлеуметтік әріптестік

2018 жылғы 20 наурызда облыс әкімінің орынбасары Нұрсауле Сайлауованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Жиында облыстық әкімдік «Атырау облысы кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған келісімге  қол қойды.

Сонымен қатар,  келісім аясында қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мақұлданды.

 

Облыстық келісім (жүктеу) (DOC 252 Kb)

Іс-шаралар жоспары (жүктеу) (PPTX 306 Kb)

 

2018 жылғы 17 сәуір күні облыстық әкімдікте Еңбек нарығын тұрақтандыру шараларын қабылдау және қызметкерлерді жаппай жұмыстан босату және жұмыс берушінің еңбекақы бойынша борышы мәселелерін жедел қарау жөніндегі штаб отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде «Watter Energy Service», «Атакент Жылыой», «Казэлектрум», «PSI services», «Индер Темір Жолы» мекемелерінің еңбекақы бойынша берешектерінің жағдайы қаралды және «Арктик Экуипмент Казахстан», «ЮСС Суппорт Сервисез», «Алма Ист Вест», «Isker-Консорциум» ЖШС-теріндегі еңбек қатынастары бойынша ұжымдық даулары талқыланды.

 

Хаттама (жүктеу) (PDF 1067 Kb)

 

2018 жылғы 20 наурызда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиямен Атырау облысындағы еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы қаралып мақұлданды.

 

Бағдарлама (жүктеу)


Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.11.2018 14:38

Қаралым саны: 1795