Array Мүгедекетерді және ҰОС ардагерлерін әлеуметтік қорғау | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

Мүгедекетерді және ҰОС ардагерлерін әлеуметтік қорғау

Облыстағы барлық санаттағы мүгедектердің саны 2017 жылдың 1-ші наурызына - 20 138 адам, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер-1539 адам, 8801-і екінші топтағылар, 6731-і үшінші топты құраса, 3067-і мүгедек балалар.

Бүгінгі күні мүгедектерді жұмысқа орналастыру бағытында «Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту картасы» жасақталып, әлеуметтік қолдау жөніндегі болжамдық іс-шаралар жасақталды.

Ағымдағы жылдың 1 наурызына халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласқан мүгедектер - 155 адам, оның ішінде 126 мүгедекке әртүрлі әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді:

- тұрақты жұмысқа орналасқаны 13 адам (оның ішінде квота бойынша – 7 адам);

- қайта даярлау курстарына жіберілгені-2 адам;

- ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені - 92 адам;

- әлеуметтік жұмыс орнына – 7 адам;

- жастар тәжірибесіне-4 адам;

Бүгінгі күні облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы және 3 интернат-үйлерi жұмыс iстейдi. Олар: «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Бұл мекемелерде 574 адам қызмет алуда.

Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi 8-аумақтық бөлімшелер, 6 селолық, аулдық округтер арқылы жүзеге асырады. Бұл бөлімшелерде 219 әлеуметтік қызметкер, 539 астам мүгедек балаға, 598-мүгедектер мен жалғызiлiктi қарттарға, барлығы 1137 адамға қамқорлық жасалды.

 



Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 15:34
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.03.2017 04:24