Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.07.2017

Қызметтер

Әлеуметтік қорғау

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — атаулы әлеуметтiк көмек) — жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгiленген кедейлiк шегiнен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекеттен ақшалай нысанда берiлетiн төлем.

Бұл көмектi Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандары, босқындары, шетелдiктердiң және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар.

Мүгедектердi және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт кезеңiнде болатын адамдарды, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқандарға атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалмайды.

Отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй көмегi мен атаулы әлеуметтiк көмектен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысу шеңберiнде мемлекеттiк қолдау шараларынан басқа, белгiленген уақыт кезеңiнде ақшалай немесе заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрi енгiзiледi.

Адам (бұдан әрi — өтiнiш берушi) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындатуы үшiн өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн көрсетiп, тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне белгiленген үлгiде өтiнiш жолдайды.

Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға тағайындалатын мемлекеттен ақшалай нысанда берiлетiн төлем.

Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлiк себетiнiң құнан төмен болған жағдайда тағайындалады.

Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтiнiш берген айдан бастап ай сайын төленедi.

Әкесi немес анасы (асырап алушылары) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, әскерде қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемқы тағайындалмайды.

Балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау үшiн, өтiнiш берушi тұрғылықты тұратын жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өзiнiң және барлық отбасы мүшелерiнiң ЖСН болған кезде өтiнiштi ұсынады.

Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Атырау облысының қала, аудандарда тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

  • жекешелендiрiлген тұрғын-үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын-үй жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп — ұстауға арналған шығыстарға;
  • тұрғын үйдiң меншiк иелерiнiң немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
  • байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
  • жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлем ақысына төлеуге;
  • жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстарды жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады

Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi — телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп — ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне әртүрлi пайызбен қатынасы болып табылады.

Жеке меншiгiнде бiрден артық тұрғын үй (пәтерi, үй) бар отбасылар, немесе тұрғын үйдi немесе автокөлiк нысандарын жалға берушiлер тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.

Барлық санаттағы мүгедектердi және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт кезеңiнде болатын адамдарды, күндiзгi оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтағы, 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып — күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға, уәкiлеттi органдар ұсынған жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

Жұмыссыз адам жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлген күннен бастап, оның отбасына тұрғын үй көмегi қайта қалпына келтiрiледi.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 14:53
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.09.2016 16:41