Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.12.2018ж

2018 жылғы 1 желтоқсанына Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 2025 отбасындағы 10896 азаматқа жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 462,0 млн. теңгені құрады.

Үйде тәрбиеленетін және оқитын 408 мүгедек балаға 14,8 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 6261 қызметкеріне 31,3 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін біржолғы көмек төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 22456 отбасына 846,4 млн. теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.


Мақаланың шыққан күні: 11.12.2018 17:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 10:57

Қаралым саны: 548