Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.11.2018ж.

2018 жылғы 1 қарашасына Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 1898 отбасындағы 10303 азаматқа жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 407,4 млн. теңгені құрады.

Үйде тәрбиеленетін және оқитын 398 мүгедек балаға 13,1 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 6168 қызметкеріне 30,8 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін біржолғы көмек төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 21220 адамға 766,5 млн. теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.


Мақаланың шыққан күні: 21.11.2018 16:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 11:11

Қаралым саны: 670