Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.10.2020

Қызметтер

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.09.2020 жыл

Қаңтар-шілде айларына 1 522 отбасындағы 8 654 адамға 498,9 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде.

Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 2 371 адамды құрайды. Оның ішінде 31-ы өзін-өзі қамтитындар, 1 154-і жүгіну кезінде жұмысы барлар, 538-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 615-і бала күтіміндегілер, 33-і – өзгелер.

Осы 538 жұмыссыздың 528-і немесе 98,1 пайызы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Оның ішінде 117-ы тұрақты жұмысқа, 354-і қоғамдық жұмысқа, 15-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 38-і қайта даярлау курстарына, 4-і жастар практикасына жіберілді.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.09.2020 10:47

Қаралым саны: 89