Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.09.2018ж

2018 жылғы 1 қыркүйегіне Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 1732 отбасындағы 9374 азаматқа жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 317,0 млн. теңгені құрады.

Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында облыс бойынша 743 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 28,4 млн. теңгені құрады. Үйде тәрбиеленетін және оқитын 359 мүгедек балаға 9,7 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 5648 қызметкеріне 28,2 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін біржолғы көмек төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 6705 отбасына 428,7 млн. теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.


Мақаланың шыққан күні: 11.09.2018 09:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 11:28

Қаралым саны: 756