Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.10.2020

Қызметтер

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.08.2020 жыл

Қаңтар-шілде айларына 1 500 отбасындағы 8 540 адамға 431,1 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде.

Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 2 604 адамды құрайды. Оның ішінде 29-ы өзін-өзі қамтитындар, 1 095-і жүгіну кезінде жұмысы барлар, 507-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 912-і бала күтіміндегілер, 61-і – өзгелер.

Осы 507 жұмыссыздың 473-і немесе 93,3 пайызы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Оның ішінде 98-ы тұрақты жұмысқа, 333-і қоғамдық жұмысқа, 16-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 23-і қайта даярлау курстарына, 3-і жастар практикасына жіберілді.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.08.2020 17:33

Қаралым саны: 172