Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.08.2018ж

2018 жылғы 1 тамызына Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 1646 отбасындағы 8894 азаматқа жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 277,1 млн. теңгені құрады.

Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында облыс бойынша 729 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 27,2 млн. теңгені құрады. Үйде тәрбиеленетін және оқитын 359 мүгедек балаға 9,6 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 5173 қызметкеріне 25,9 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін біржолғы көмек төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 2295 отбасына 287,9 млн. теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.


Мақаланың шыққан күні: 17.08.2018 08:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 12:42

Қаралым саны: 897