Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.06.2020ж.

2020 жылдың 1-ші маусымына 4369 адам өкілетті органдарға атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңес сұрап келген болса, олардың ішінен 1536 отбасының атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініштері қабылданды.

Қаңтар-мамыр айларына 1363 отбасындағы 7781 адамға 314,1 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде.

Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 2409 адамды құрайды. Оның ішінде 27-і өзін-өзі қамтитындар, 1045-і жүгіну кезінде жұмысы барлар, 422-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 850-і бала күтіміндегілер, 65-і – өзгелер.

Осы 422 жұмыссыздың 415-і немесе 98,3 пайызы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Оның ішінде 86-ы тұрақты жұмысқа, 297-і қоғамдық жұмысқа, 12-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 20-ы қайта даярлау курстарына жіберілді.


Мақаланың шыққан күні: 17.06.2020 18:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.06.2020 18:15

Қаралым саны: 164